Е, Бәсе. Әңгіме

 Салдыртын желіп отыратын біркелкі жүрісінен танбайтын сары атымем қара жолдың шаңын будақтатып келе жатқан почташы Қари. Совхоз орталығындағы байланыс бөліміне күнде таңертең сапар шегу — оның жұмыс тәртібі. Омысынан жаңылмайды. Екі жақтауын қара дермантинмен қаптап алған қалқанды арба қашаннан бергі серігі. Қаридың өзің қартайтын шығуға жарайды әлі. Бөксе түсыда аспалы қара сөмкесі жатыр.
Шаруаның дағдылы қарапайым есебі бойынша, жол-жөнекей ағаш қойнауына бұрылды. Үйден жанып алып шыққан шалғысымен қайынды алқапты жиектей өскен көк шөптен екі-үш жол тартты. Келесі жолды бастай беріп, қоя салды. Қари есебіне берік — орталықтай қайтқанша бұл шөп желге дегдіп, әжептәуір жеңілейіп қалады. Үйге жеткізген соң жарты төбе шашпаның үстіне жайып тастайды. Осылай қысқы шөптің дс жобасы көріне бастайды. Бұл — жылдағы әдет. Шалғы мен айырды бір ағашқа сүйей салды да алған бетіне қайтадан жол тартты. Оның осылай айырлап жинаған шөбі қыс ортасынан асып көрген емес:
— Біздің сиырдың денесі шағын, шөпті көп жемейді, — десе де қыс аяғында сабандатып жүргені.
— Қолың бос, молырақ неге қамтымайсың, даланың шөбін аяйсың ба, — дегендерге оның жауабы біреу-ақ:
— Е. бір жөні болар…
Шынында бұл ауылда пенсияға шықкан қарттардан басқа уақыты мол осы Қари. Тоқсан сом жалақы өзіне қанағат. Ұсақ-түйек мал ұстагі, жұрт қатарлы дөңгелек шаруашылығы бар. Ішім-жем, киім бірсыдырғы. Балалары оқуда. Алды үйленіп, кейінгісі тұрмысқа шыққандары да бар. Осыдан басқа дәулетке кұлшынбайды. Жасы елуге келсе де мұны ойлап көрген емес.
Телевизордан бүгін көрген киносы ертең клубта көрсетіліп жатса, соған батын.
Қаридың почта тасуға түрғанына көп жыл болған. Қалай десе олай десін, әл-емде бұдап басқа жұмыс, бұдан өзге қызмет бар екен-ау, іздестіріп корсе қайтеді деген Қаридың ойына еш кіріп көрген емес.
Мұның бәрін былай қойғанда, Қаридың барынша құмары — өлең. Өзі боламын деп бола алмай қалған ақындардың бірі. Бір ретте көкейдегі көрікті ойлары өлең боп түскен қалың дәптерін аудандық редакцияға да алып барды. Әдебиет бөлімінде отырған көзілдірікті жігітке:
— Өзім почтада істаймін. Уақыт көп. Кейде зеріккенде ойға елең келеді. Жазбайын десең де болмайды. Сондай бір шимайларым еді. қарап берсеңіз,—деген.
Өз сөзі өзіне қас болды ма, көзілдірікті жігіт те өлеңдерді «қарап қана» қайырып берді:
— Өлеңді зерікпей жазған кезіңізде келіңіз,—деді, — поэзия еріккеннің ермегі емес екенін білмейсіз бе?
— Білуін білем ғой… Сонда да…
— Соны әбден білген кезіңізде келіңіз. Ал ақындығыңыз тасып бара жатса, Алматыға тартыңыз.
Қари Алматыға тарта алған жоқ, «мына бір қатыгез жігітке қайдан кездестім» дей салды да, сол бетінде өлең жазуды доғарды. Бірақ ақын атаулыға кұмарлығын ешкімге де, еш жағдайға да ұрлатқан емес.
Осы ауыл Қари почташы болғаннан бері үй басы «Қазақ әдебиетін» оқиды.
— Мағап «Огонекті» жаздыр, —десе:
— Әуелі «Қазақ әдебиетін»…
Міне, осылай табан тіреспен жұрттың тілегін де орындап, өз дегеніне де жетіп жүрген осы Қари. Бірте — бірте «Жұлдыз» бен «Жалынды» әр үйдің қонағы етті.
Дүйсенбі сайын кезекті
— Бүгін «Қазақ әдебиетін» әкелемін.
Бүгін де күн дүйсенбі Қари қалаулы газетін күлаштай жайып қарап отыр.
— Е бәсе — деді.
Мұнысы — өзіне ұнамды ақының газет бетінен тапқаны. Өз-өзімен лепіріп, екі қолымен газетті керген қалпы почта ішінде теңселіп, өлеңді дауыстап оқып жүр:
— Уа, шіркін, деуіне болайын—деп қояды.
Бірақ өз жұмысымен арпалысқан жұрт мұның сері көңілін қайте берсін:
— Қари! — дейді біреу.
— Иә?
— Мазаны алмай, далаға шықсаң…
Сөмкесін қолтығына қыстырып, арбасына қарай кетпеске амалы жоқ. Әйтсе де көптен сағынтып жүрген ақынымен «жолыққанына» көңілі мәз.
Осы ақын өткен жылы Қарилардың ауылына келді. Қари астаналық қонақты ертіп әкелген парторгті жағалатып:
— Мені де ерте жүріңізші,—деп болмаған соң, қатарларында болуға рұқсат еткен.
— Мына кісінің де ептеп сүйкейтіні бар, — деп қонаққа күңк етті.
Қонақ:
— Ә-ә,—деді де қара көзілдіріктің аржағынан бұған бір ғана қарап өтті.
Ферма басында да, бригада басында да әлгі ақын тіс жарып сөйлеген жоқ. Жүрісі де сылбыр екен өзінің. Лепіртіп лекілдетіп өл ең оқыр деген Қаридың дәмесінен шықпады. Сол үндемеген қалпы жүріп кетті. Қариға қолын беріп жатып:
— Хат жазып тұрыңыз,— деді.
Не адресі, не телефонын қалдырмаған адамға жабыса түсетін Қари ма, көңілі толмаған қалпы селсоқ қана қоштасқан.
Әйткенмен арада бірер жұма өткенде, жарқ етіп ашылған «Қазақ әдебиетінің» бетінде әлгі ақыны қайта ұшырасты. Әр өлеңнің жолы сайын осы ауылда көргенін түйгенін жазған екеп. Тап басып ауыл атын келтірмегенмен, Қаридың сергек көңілі, ап-айқын аңғарып отыр. Сонда бір «Е, бәсе» деп еді. Сол танысын бүгін тағы тауып алып, тағы бір «Е, бәсе» деді. Оның қөңілі көтеріңкі. Ауылға жете, ат ағытуға үйіне де бұрылмастан, шеттен бастап әркімге тиісті хат-газеттерін өзі үлестіре бастады.
— Мына газетті тыңғылықтап оқыңдар, — деп қояды.

Ермек Қонарбаев.


Қонарбаев Е. Е, Бәсе. Әңгіме // Ленин туы.- 1978.- 4 наурыз.

Похожие записи

  • Әкем жайлы естелік

     «Әке — асқар тау» демекші, әр перзент үшін аяулы әкенің орны ерекше. Әке дегенде нұрлы жанарымен мейірлене қарап, «айналайын» деп елжіреп тұратын аяулы тұлға көз алдыма келеді.
    Біз ата-анамыздың отбасысында он бала тәлім-тәрбие алдық. Ес білгелі әкеміз жазуға отырғанда бөгет болмай, аса сыйластықпен тыныштық сақтайтынбыз. Ол кісі кейде күбірлеп, сөз құрастырып отыратын немесе жазғандарын үстінен жөндеп, үнемі ой еңбегімен айналысатын. Ондайда айналадағы тіршілік бір сәт тоқтап қалғандай, өз ойымен өзі әлек болатын еді. Бұл — менің бала кезімнен көз алдымнан кетпейтін көрініс.

  • Тағдырлы талант

     Қаламгер Зейнел-Ғаби Иманбаев қазақ әдебиетінде өзіндік айшықты қолтаңбасы бар дарынды таланттардың бірі еді. Ол 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Сергеевка ауданына қарасты Ортақкөл ауылыңда туды. Жасынан ауруға шалдығып, сырқатты өмірдің тауқыметін ғұмыр бойы азаппен кешкен Зейнел-Ғаби балалық, жастық шақтың қызығына да армансыз құлаш ұра алмады. Орта мектепті құрбы құрдастарымен қатар құлындай ойнақ салып жүріп бітіре алмаған өндір жас төсөк тартып, аурумен апысып жатқанның өзінде өмірге ғашық көзбен, құштар көңілмен ұмтылып, білім бұлағынан сусындауын тоқтатқан жоқ. Ол қалың-қалың кітаптарды түн баласында тынбай оқып, көкірегін қазынаға толтыра берді. Кітап оқу, жазуға құштарлықты оятты, қолына қалам алдырды. Алғашқы әңгімелерін жазды, талмай түзетіп редакциял арға жолдап жатты. Тынымсыз еңбек, сарылған ізденіс қашанда өз жөмісін берері анық.

  • «Батыр Баян» дастанындағы Баян бейнесі

     Баян батыр туралы жырды Баян ағаның (Баянғали Әлімжанов) домбырада орындауында алғаш тыңдаған едім.
    Ағаның орындаушылық шеберлігі, жыр оқиғасының тартымдылығы, жыр тілінің әсерлілігі — бәрі-бәрі үйлесіп келіп, санамда ұйып қалыпты.

  • Родои из аула Ортакколь

     Моему дорогому отцу — писателю, члену Союза писателей СССР Зейнел-Габи Иманбаеву — в январе исполнилось бы 80 лет. Он родился и жил в селе Ортакколь района Шал акына, написал 17 книг о жизни своих современников, тружеников села. У него были большие планы: выпустить полное собрание сочинений, перевести ряд произведений на русский язык. Отец не раз говорил нам: «Силу пера поймет тот, кто пишет». Он всю жизнь писал, смотрел на окружающий мир глазами писателя, очень любил природу, описывая времена года красочно, сочно. Любил свой аул, односельчан, их труд, быт.

  • Первое поле: Отр. Из романа «Дом в степи»

     Редко бывает, чтобы первое же крупное произведение молодого писателя получило такое широкое признание, как это случилось с романом Сакена Жунусова «Дом в степи». Эта книга быстро завоевала популярность у казахского читателя, а ныне переведена на руский язык. Глубокое проникновение в духовный мир сельских тружеников, широта социальных обобщений, художественное мастерство делают роман таланливого молодого писателя заметным явлением в культурной жизни республики.