Лебіздер

Герольд күні-түні үйден шықпайтын еді. Құмалақ салып, кітап ашқандай, айналасын қазақша, орысша сөздіктерге толтырып, қай сөздің қай сөзбен жарасып, қай сөзбен таласып қалатынын ойлап, басы қататын.

Герольд Бельгердей ірі талант, іргелі суреткер қайда да, қай заманда да ешкімнің қолтығына сыймайды ғой. Дараланбай, сараланбай тұра алмайды. Бала жасынан бір ғана өзін емес, туған халқын ойлап өскен қамырықты суреткер ерте ме, кеш пе бұйдасын үзіп шығып, өмір кеңістігінде, өнер жазирасында өз сүрлеуін салып, өз соқпағын омбылайды. Басынан кешкендерімен, өмірден түйгендерімен бөліседі.

Әбіш Кекілбаев, Қазақстанның халық жазушысы.
Келте тірлікте талмай еңбек еткен бір адамды атаңдар десе, Қазақстан Герольд Бельгерді ұсынатыны хақ. Герағамыз еңбекпен біте туған жаратылысы бар жалғыздар тобынан еді.

Роллан Сейсенбаев, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Герольд Бельгердің аты неміс болса да, заты қазақ еді. Бұл үш тілді толық меңгерген, әсіресе, қазақ тілінің ішіне еніп кеткен және қазақ намысын өле-өлгенше қорғап өткен, бір емес, бірнеше қазаққа бергісіз азамат еді.
Және оның пікірлері әрқашан да нақты, дәл, ащы болса да кесіп айтатын, шешіп айтатын. Қазаққа жаны ауыратын, қазақтың он кемшілігін тізіп беріп, біздің бетімізге салық қылғандай болып еді. Ол қазақты кемсіту емес, қазақты қамшылау еді.

Дулат Исабеков, жазушы-драматург.


Исабеков.Д. Лебіздер// Солтүстік Қазақстан. – 2 ақпан -2016. – 4-5 б.

Похожие записи

  • Писатель: Некролог

     Казахская литература и искусство понесли невосполнимую утрату. На 72-м году жизни скоропостижно скончался известный писатель, драматург, народный писатель Казахстана, лауреат Государственной премии Сакен Нурмакович Жунусов.

  • Қаламгер және қас қағым сәт

     Адам атаулының өзін-өзі түсінуіне, өзіне деген сенімін арттыруға, ақиқатқа ұмтылысын ұштауға ықпал жасау, оларды рухтандыру үшін жүректердің түкпірінен табылатын ерлік және ар-ұят сияқты сезімдерді ояту әдебиеттің мақсаты екендігі баршаға белгілі жайт. Міне, осы мақсат жұмылдырған жазушылар да елден ерекше-ау, шіркін: кез келген оқиғаға басқаша қарайды, әмбеге ғана емес, әрқайсысына қабақ қадайды және тарихи бетбұрыстардың саяси немесе экономикалық келбетін ғана емес, сонымен бірге жекелеген адамдардың жүректерінің лүпілін дәрігердей аңғарады. Мұның бәріне тағы бір қосарым бар: қаламгердің жаны адал, жүрегі ақ, сезімі нәзік болғаны қандай ғанибет?!

  • Ақан серінің шығармалары

     Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де.

  • Аққуған аспандағы әнін қосқан Ақан сері ауылының болашағы бұлыңғыр

     Биыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы “заманының сұңқары, қызыл тілдің ділмары, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі” деп бағасын берген даңқты ақын, сырлы сазгер Ақан сері Қорамсаұлының дүниеге келгеніне 180 жыл толды. Серінің дүниеге келгеніне екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел оның басынан өткен оқиғаларды, әндерінің тарихын ертегідей қылып айтады. Сірә, ақын тұлғасы көзі тірісінде-ақ түрлі әңгімелердің кейіпкеріне, аңыз бейнеге айналса керек.