Есмағи С. Ғалымның аты өшпейді: [Феликс Сим] // Солтүстік Қазақстан. – 2014. – 18 қыркүйек. – 3 б.

Кеше Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғимаратының қабырғасына облысымыздың құрметті азаматы, қоғам қайраткері Феликс Симге арналған ескерткіш тақта орнатылды.

Салтанатты шара барысында сөз алған университет ректоры Оңдасын Әшімов қайраткердің еңбек жолы мен адамгершілік қасиеттері туралы естелігін ортаға салды. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов қоғам қайраткерінің игі істері жалғасын тауып келе жатқандығын тілге тиек етті. Феликс Алексеевич саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған жандардың бірі еді. Кезінде өзі білім алған аталмыш университетке Мәскеуде кандидаттық диссертация қорғап келген соң жұмысқа орналасқан. Еңбек жолын қатардағы оқытушылықтан бастаған ол артынан 15 жыл бойы ректордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Философия ғылымдарының кандидаты, профессор Феликс Симнің университеттің дамуына қосқан үлесі зор. Білім ордасындағы ұзақ жылғы еңбегі барысында қырықтан астам ғылыми еңбек жазды. Оның бәрі бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындарының бағдарламаларында қолданылып келеді. Оқытушылықпен қатар кезінде облыстық «Білім» қоғамдық ұйымын басқарды.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының құрылуына да зор еңбек сіңіріп, аталмыш орталықта бірінші болып 1992 жылы корей ұлттық-мәдени орталығын ашып, оған өзі басшылық еткен.

Феликс Алексеевич тек университеттің дамуына ғана емес, сондай-ақ, өңіріміздегі білім саласының жаңа белеске көтерілуіне де өз үлесін қосқан. Оның бастамасымен Петропавлда «Дарын» лицейі ашылған. Бүгінде онда 900 бала білім алуда.

Шараға жиналғандар алдында университет ректоры Оңдасын Әшімов пен Феликс Симнің зайыбы Роза Сим университет қабырғасына ілінген Феликс Симнің ескерткіш тақтасын ашты.

Феликс Симнің өмірі мен еңбек жолы кім-кімге болсын өнеге дейді аға буын өкілдері.

Самат ЕСМАҒИ

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 


Есмағи С. Ғалымның аты өшпейді: [Феликс Сим] // Солтүстік Қазақстан. – 2014. – 18 қыркүйек. – 3 б.

Похожие записи

  • Аңқылдаған ақкөңіл еді

     1963 жылдың 8 наурызында Шал ақын ауданындағы «Приишим» кеңшарының Бексейіт деген кішкентай ғана ауылында түратын Ережеп Батаев атайдың үйіне келін болып түстім. Атамыз атақты шопан болғаң ал енеміз сондай ақылды, салмақты кісі еді. Бір үйдегіон екіжанға он үшінші болып менқосылдым.

  • Ардақты азамат

     С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері Ербол Шаймерденовтің туғанына 70 жыл толуына орай “Еліміздің ардақты перзенті” атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Тағылымы мол ісшараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейдің оқушылары қатысты.

  • Әке аманаты: Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев – 80

     «Әке — асқар тау» демекші, әр перзент үшін аяулы әкенің орны ерекше.
    Мен де әкем есіме түскен кезде қатты тебіреніп кетемін
    Әке дегенде нұрлы жанарымен мейірлене қарап, «айналайын» деп елжіреп тұратын аяулы тұлға көз алдыма келеді…

  • «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің»

     Осыдан үш ғасырдай бұрын өмір сүрген Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) – қазақ поэ-зиясының өрісін кеңейтіп, көшпенділер топырағында реалистік дәстүрдің өркен жаюына алғышарттар жасаған ақберен ақындарымыздың бірі. Бозбала шағында-ақ ақындық өнердің тұлпарын тізгіндеп, даңқы қалың елге жайылған Тілеуке Құлекеұлының артына қалдырған мол мұрасы уақыт сынына төтеп беріп, ғасырлар қойнауынан нұрын шашып тұр. Бүгін біз оқырмандар назарына саңлақ суреткердің бір топ өлеңін ұсынып отырмыз.

  • Талант, рожденный в Коктереке

      Ермек Конарбаев родился в феврале 1938 года в селе Коктерек Октябрьского (ныне Шал акына) района Северо-Казахстанского области. Его отец Лямали был образованным человеком. В 1955 году, окончив среднюю школу с золотой медалью, Ермек поступает на историко-филологический факультет Казахского государственного педагогического института им. Абая. После завершения учебы возвращается в 1960 году в родное село, где начал свой трудовой путь. Преподаватель казахской литературы, он одновременно был секретарем комсомольской организации села.
    В 1970 году стал инструктором райком? партии, а затем был избран секретарем партийной организации Новопокровского совхоза, одного из самых, крупных хозяйств района. Партийная организация, которую возглавил Е.Л. Конарбаев, несла ответственность не только за производство зерна, молока и мяса, но и за социально-культурное развитие, за строительство жилых домов, детских садов, школ и библиотек и их содержание. Директор совхоза, кавалер четырех орденов Трудового Красного Знамени Н.Н. Петров, один из самых опытных организаторов сельскохозяйственного производства на селе, всегда ценил и помогал партийному лидеру, постоянно прислушивался к его мнению, поддерживал во всех начинаниях.