Аңқылдаған ақкөңіл еді

1963 жылдың 8 наурызында Шал ақын ауданындағы «Приишим» кеңшарының Бексейіт деген кішкентай ғана ауылында түратын Ережеп Батаев атайдың үйіне келін болып түстім. Атамыз атақты шопан болғаң ал енеміз сондай ақылды, салмақты кісі еді. Бір үйдегіон екіжанға он үшінші болып менқосылдым.
Бір күні атамыз үйге кіре, әбігерленіп: «Тез бауырсақ пісіре қойыңдар», деп далаға шығып, қой соя бастады. Үйде ет бола тұрып, атамыз неге қой сояды? деп ойланып қалдым. Ол кезде газ деген жоқ, барлық тамақты далада қазанға пісіретінбіз. Жолдасымның жеңгесі келген соң ақырын ғана «Кім келеді» деп тәтемнен (абысынымды солай атайтынмын) сұрадым.
— Зейнел-ғаби деген кісі келеді, — деді. Мен бұл есімді естігенде қатты қуайдым. Қуанғанымның себебі, мен ол кісінің «Ленин туы» газетінде жарық көріп жүрген көптеген мақалаларын, шағын әңгімелерін үзбей оқып тұрушы едім. Әлі есімде, бір қызды сүйген жігітіне бермей, әкесі басқа біреуге зорлап бергені жайындағы мақаласы маған үлкен ой салды. Сол кездегі қатыгездік, зорлық-зомбылықты көре тұра, шыдамай газетке жазған ғой. Мақаладағы «Ақ көйлегім сөкпелі, мен өкеме өкпелі» деген өлең жолдары есіме түсіп отыр әрі қарай есімде қалмапты.
Біз Бексейіттен (ауылдың аты, қазір бұл ауыл жоқ) балалардың білім алулары үшін «Приишим» кеңшарының орталығына көшіп келдік. Мұнда Зейнел-ғаби ағайға кеңшар жаңа үй салып, сыйға тартқан екен. Бір күні: «Кіруге бола ма?» деген дауысты естіп шықсам, сол кісі екен. — Кіре беріңіз, — дедім. Ол балалардың амандығын сұрап.со-сын:
— Маған «Жұлдыз» журналының соңғы нөмірі келмей қалыпты, соған келіп едім, -деді. Мен ол кезде газет, журналдың бәрін жаздырып алатынмың Мен журналды берген соң, ағам мендегі бар кітаптарды көріп, қуанып қалды.
— Қалқам, неше сынып бітірдің? — деп сұрады. Мен жеті сыныпты бітіргенімді айттым. Одан әрі оқуға шешемнің қарсы болғанын да жасырған жоқпын. Ол кісі: «Біздің қазақ әлі де қыздарының оқуына қарсы сияқты»,-деп, ойланып қалғандай болды.
«Менде жақсы кітаптар бар.келіп көруіңе боладЫ», деді ол кетерінде. Жұмыстан қолым босағанда бір күні сол кісінің уйіне бардым. Ағаның кітаптарын керіп, тіпті есім шығып кетті. Неткен кеп кітап, қай кітапты қарасам да бәрін сызып қойған, «қалай оқып үлгерген» деп ойладым. Ол кісі адамның мінезін, ойын өзіне қарап айтып беретін. Ал өзі сондай сабырлы, шыдамды,. көп сөйлемейтін, ішіне бәрін түйіп отыратын едам еді.
Ағаның Рәш деген туған жеңгесі болды. Ол кісінің мінезі сондай қызық еді. Өзі ақ-көңід кім не айтса, соған сенетін. Айт күні болатын, бәріміз шай ішіп отырғанбыз, бәрі «болдық» деп кеселерін қойып жатыр. Зейнел-ғаби аға: «Рәш жеңгей, өзің шай ішіп болсаң, маған шай қүйшы», — деді. Жеңгей: «Ойбай», — деп далаға тұра жүгірді. Сонда үстел басында отырған үлкен кісі: «Апырай, Зеке, қандай шыдамды едің», — Деп жатты.
Ағаның жан жары Кәмаш апай ауылда шаңырақтың ұйытқысы болып, жастарға. ақыл-кеңес беріп отырады. Балалары болса бәрі — бір-бір мамандықтың иесі. Мен. ол кісінің қыздарына ризамын. Алтын деген қызының басқаларға ұқсамайтын қоңыр да асқақ әндерін естігенде кеңілім бір көтеріліп қалады. Қазақта «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» десе, мен сол кісінің қьіздарын айтар едім.
Әңгімемнің негізгі өзегі Зейнел-ғаби Иманбаев екенін тағы бір атап өтейін Ол кісі тірі болса, біраз дүниені жарыққа шығарар еді. «Далам», «Есіл тасып барады», «Боранды түнде», т.б. шығармаларын оқыдым. Соның ішінде «Далам» деген кітабына өз қолымен менің атымды жазып, сыйлаған еді. Өкінішке орай, кітапты жоғалтып алдым. Апайда, ол кісінің барлық шығармаларын, сол жайында жазылған мақалаларды оқып отыруға тырысамын.



Рамазанова Г. Аңқылдаған ақкөңіл еді  // Солтүстік Қазақстан. – 18 ақпан. – 2009. — 5 б.

 

Похожие записи

  • Е, Бәсе. Әңгіме

     Салдыртын желіп отыратын біркелкі жүрісінен танбайтын сары атымем қара жолдың шаңын будақтатып келе жатқан почташы Қари. Совхоз орталығындағы байланыс бөліміне күнде таңертең сапар шегу — оның жұмыс тәртібі. Омысынан жаңылмайды. Екі жақтауын қара дермантинмен қаптап алған қалқанды арба қашаннан бергі серігі. Қаридың өзің қартайтын шығуға жарайды әлі. Бөксе түсыда аспалы қара сөмкесі жатыр.

  • «МАЛШЫҒА ДА ЖАЛШЫ КЕРЕКТІҢ КЕРІ», —

     дейді «Тіл жанашыры — 2015» құрмет белгісіне өңірімізден ұсынылған белгілі ғалым, ұстаз Зарқын Тайшыбай.

    М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті -журналист мамандарын даярлайтын оқу ордаларының бірі. Биыл оның іргесінен алғашқы түлектердің қанат қаққанына 10 жыл толып отыр.

  • Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

     Жуырда М. Жұмабаев атындағы ауданның орталығы Булаево кентінде денешынықтыру және спорт кешені ашылып, оған Батыр Баянның есімі берілді. Елін, жерін сыртқы жаулардан азат етуде асқан батырлығымен көзге түсіп, халқының ерекше құрметіне бөленген оған бұған дейін де ескерткіш орнатылып, көше мен мектепке аты бірілген болатын.

  • Естен кетпес кездесу немесе Ғабеңнің аманаты

     1980 жылдың жазы болатын. Дәл сол жылы қызылжарлықтар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың 80 жылдығына арналған мерейтойды өткізуге кірісіп кетті.