«Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына арналған тікелей эфир өтті.
Тікелей эфирге жазушы, журналист, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, марафонның өңірлік жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Жақсыбай Самрат қатысты.
Эфир барысында марафонның мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары, қатысу тәртібі және жоба аясындағы кітап оқу үдерісі туралы кеңінен сөз болды.
Жақсыбай Самрат марафонның өңірдегі жүзеге асырылу барысына тоқталып, оқырмандардың жобаға белсенді қатысуының маңызын атап өтті. Сонымен қатар кітап оқудың жеке тұлғаның дамуына ғана емес, қоғамдағы оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпалы туралы ойларымен бөлісті.

Похожие записи