Есмағи С. Тұлға есімі – университет тарихында: [Шаймұрат Смағұлов] // Солтүстік Қазақстан. – 2014. – 20 қыркүйек. – 2 б.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы тағы бір тұлғаның есімін білім ордасы тарихында қалдыруға мұрындық болды. Бұл жолы олар қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Шаймұрат Смағұловқа арналған мемориалдық тақта ашты. Салтанатты шараға университет ұжымы, студенттер, ғалымның туған-туыстары мен әріптестері қатысты.

Еңбек жолын 1959 жылы сол кездегі «Полудин» кеңшарында аға инженерліктен бастаған Шаймұрат Смағұлұлы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, кеңшар директоры болып жұмыс істейді. Артынан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл аудандық әкімшілігі басшысы қызметтерін атқарған.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. 1998 жылдан бастап өмірінің соңына дейін — Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор.

Ел дамуына қосқан үлесі үшін екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

— Осындай тұлғаның біздің университетімізде еңбек еткенін мақтан тұтуымыз керек. Оның алдынан дәріс алған жастар бүгінде еліміздің өркендеуі жолында табысты еңбек етуде, — деп атап көрсетті ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуына жиналғандар алдында сөз алған университет ректоры Оңдасын Әшімов.

Шара барысында сөз алған аға буын өкілдері Шаймұрат Смағұлұлының адамгершілік қасиеттері жайындағы өз ойларын ортаға салды.
Салтанатты шараға қатысқан оның ұлы Мұхтар Смағұлов ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Артынша Оңдасын Әшімов пен Шәкеңнің зайыбы Римма Ерманқызы ескерткіш тақтаны ашып, гүл шоқтарын қойды.

Самат ЕСМАҒИ

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.


Есмағи С. Тұлға есімі – университет тарихында: [Шаймұрат Смағұлов] // Солтүстік Қазақстан. – 2014. – 20 қыркүйек. – 2 б.

Похожие записи

  • Ақан сері

     Ақан туралы білгендерін айтып һәм жазып берген Мырзалыұлы Баялы, Шыңғысұлы Қокыш, Бозайұлы Ысмағұл ақсақалдарға һәм Самыратұлы Қазыға көп рақмет айтамын.
    Мағжан.

  • Осознание Родины: [К 100-летию Байкена Ашимова]

     Сельский учитель, защитник Родины, партийный работник, государственный и общественный деятель, глава правительства республики Байкен Ашимович Дюймов. Он жил в пору великого напряжения физических и духовных сил, потребовавшихся от советского народа для победы в Великой Отечественной войне, для восстановления разоренного ею народного хозяйства, освоения новых земель, строительства гигантов индустрии, и всегда был на переднем крае свершений, на которые был далеко не скуп минувший 20-й век. В эти дни отмечается 100-летие со дня рождения Байкеиа Ашимовича.

  • Шал ақынның шеберлігі

     Шал ақын — XVIII ғасыр әдебиетіндегі көрнекті тұлғалардың бірі. Біздің қолымызға жеткен қазынасына қарағанда Шал Құлекеұлы қазақ әдебиетінде Бұқардан кейінгі жарық жұлдыздардын бірі екендігінде шек жоқ. Мұндай халық тұрмысына, тіршілігіне жақын тұрған табиғи төкпе ақындар табиғатта сирек ұшырайтын құбылыс санатына жатады. Өлеңдері ауыздан ауызға, ғасырдан ғасырға тарап кеткен Шалдың шеберлігі хақында қалай айтсақ та, жазсақ та ірі мақтанға сиятын секілді.

  • Біздін Бельгер

     Соғыс кезі тап болған соң дауылға
    Ауып келген бір үй біздің ауылға.
    Не көрсе де, бірге көрді елменен,
    Бірге көніп, бірдей төзіп ауырға.

  • Алғашқы сабақ

     Сейтқазы жаңа кітаптар түсті ме екен, біле кетейін деп дүкенге кірді. Кілең бір жас келіншек жинала қалыпты, сылқ-сылқ күлкі. Кәмпит ораған қағазын умалсдай ұстап, беті ду-ду жанған бір балғын қыз сыртқа атып шықты. Қапелімде Сейтқазыны иығымен қағып кетті. «Бұл несі» деп Сейтқазы артынан қараса, орта боилы, талдырмаш, сұлу мүсінді жас қыз, бұрымы тыпыршып иығына тұрмай жөнеліп барады.