Централизованная библиотечная система» КГУ «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области

«СҚО –Кітап оқитын өңір» жобасы аясында Уәлиханов аудандық орталық кітапханасында «Кітаппен өткен уақыт» атты рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау, бос уақытты мазмұнды өткізуге баулу және оқырман мен кітап арасындағы рухани байланысты нығайту.
В рамках проекта «Северо-Казахстанская область – читающий регион» в Уалихановской районной центральной библиотеке состоялась духовно-познавательная встреча «Время, проведённое с книгой».
Цель мероприятия – повышение интереса читателей к чтению книг, популяризация значения книги в жизни человека, формирование культуры содержательного досуга и укрепление духовной связи между читателем и книгой.
https://www.facebook.com/share/p/19KJj6pBoi

«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Өндіріс ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Кітап – білім бұлағы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында қатысушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесіп, қызықты әдеби шығармалармен танысты. Сонымен қатар әдеби сұрақтарға жауап беріп, кітап кейіпкерлерін танып, өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісті. Іс-шара аясында «Кітап – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға оқуға ұсынылатын кітаптар таныстырылды. Шара соңында қатысушылар кітап оқудың маңызын түсініп, жаңа кітаптармен танысып, оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шараға барлығы 6 адам қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/1BSE6hrzpG/?mibextid=wwXIfr

📚 КІТАППЕН ӨТКЕН УАҚЫТ 📚
Құрметті аудан тұрғындары мен кітапсүйер қауым!
Сіздерді «Кітаппен өткен уақыт» атты рухани кездесуге шақырамыз.
Кітап – өткенді танып, бүгінді түсінуге, болашаққа сеніммен қадам басуға жол ашатын асыл қазына. Келіңіз, бірге кітап әлеміне саяхат жасап, жаңа туындылармен танысып, қызықты әдеби сұхбат пен танымдық викторинаға қатысайық!
📅 Күні: 31 шілде
🕒 Уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: СҚО, Уәлиханов аудандық орталық кітапханасы
Бағдарламада: 📖 Жаңа кітаптарға шолу
📚 Кітап көрмесі
💬 Әдеби сұхбат
🧠 Танымдық викторина
✨ Оқырман пікірлері мен еркін әңгіме
Кітаппен бірге уақыт өткізіп, рухани әлеміңізді байытуға шақырамыз!
📖 Кітап оқыңыз – өзіңізді табасыз, әлемді танисыз!
https://www.facebook.com/share/p/19GnPb6Xhh

«Кітаптағы тарих – музейдегі мұра» әдеби-танымдық саяхат.
Бүгін аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «СҚО – Оқитын өлке» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы бойынша «Кітаптағы тарих – музейдегі мұра» атты әдеби-танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларын насихаттау, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру болды.
https://www.facebook.com/share/p/1Pr5scvNKx

“СҚО — кітап оқитын өңір” жобасы аясында, Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Телжан ауылдық кітапханасында танымдық-әдеби іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында қатысушыларға Абайдың өмір жолы, шығармашылық мұрасы туралы кеңінен ақпарат берілді. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері оқылып, олардың тәрбиелік мәні мен бүгінгі қоғамдағы маңызы талқыланды. Қатысушылар Абай шығармаларынан үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар кітапханада «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары мен ол туралы әдебиеттер таныстырылды.
https://www.facebook.com/share/r/1DTwDmrNSj/?mibextid=wwXIfr

«СҚО — оқырман өңір» жобасы аясында Кузексай ауылдық кітапханасында отандастарымыз, жазушы Иван Шуховтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Шуховтың өмірі мен шығармашылығы» атты өлкетану іс-шарасы өтті. Іс-шараға 6 оқырман қатысты.
Кітапханашы қатысушыларды жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстырып, оның өмірбаяны, негізгі туындылары мен шығармашылығының қазақ және орыс әдебиеті үшін маңызы туралы баяндап, кітапхананың қорында бар кітаптарды таныстырды.
Іс-шараның мақсаты: Иван Шуховтың шығармашылығын дәріптеу, туған өлкенің әдеби және тарихи-мәдени мұрасына қызығушылықты тәрбиелеу, көрнекті жерлестеріне мақтаныш сезімін қалыптастыру.
https://www.facebook.com/share/p/14jdDBYCsn1

📖 «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» – БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ӨШПЕС СИМВОЛЫ!Балалық шақтың қызықты әрі шытырман сәттеріне саяхат жасағыңыз келе ме? Ендеше біздің кітапханаға қош келдіңіздер! ✨«СҚО — Кітап оқитын өңір» облыстық жобасы аясында Ақбұлақ ауылдық кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туындысына арналған «Қожа – балалық шақтың символы» атты танымдық іс-шарасы мен театрландырылған қойылымы өтті. 🎭Іс-шара барысында мектеп оқушылары аты аңызға айналған Қожаның сотқарлығы мен ақкөңілдігін, оның достары Жантас пен Жанардың бейнелерін сахнада шебер сомдап шықты. Кітап бетіндегі кейіпкерлер тіріліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. 😍Іс-шараның мақсаты:Өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, ұлттық әдебиетіміздің жауһарларын насихаттау және балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау.Кітапханамыздың белсенді оқырмандары мен жас әртістеріне шынайы өнерлері мен кітапқа деген махаббаттары үшін алғыс айтамыз! 👏🌟Кітап оқитын өңірдің қатарынан қалыс қалмай, кітапханаға жиі келіп тұрыңыздар! Сүйікті кітаптарыңыз сіздерді күтеді! 📚❤️
https://www.facebook.com/share/p/1BG9dst3R5/?mibextid=wwXIfr

«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Қарашілік ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Табиғат және кітап» атты ашық аспан астындағы оқу сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектеп жасындағы 10 бала қатысты. Шара барысында қатысушылар табиғат аясында Мұзафар Әлімбаевтың «Орман ертегілері», «Қызыл кітап», «Табиғат – біздің ортақ үйіміз», «Жануарлар әлемі», «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» атты балаларға арналған әдебиеттермен танысып, кітаптардан үзінділер оқыды. Сонымен қатар оқылған шығармалар бойынша өзара пікір алмасып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы жөнінде ой бөлісті.
https://www.facebook.com/share/p/1BYMMyZ5K4/?mibextid=wwXIfr

📚”СҚО-Оқитын өңір “жобасы аясында «Абай әлеміне саяхат» әдеби сағаты
Мақсаты: Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын таныту, оқырмандардың рухани дүниесін байыту және кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
2026 жылдың 5 тамыз күні Аққұдық ауылдық кітапханасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ауыл тұрғындарының қатысуымен таза ауада «Абай әлеміне саяхат» атты әдеби сағат өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерін оқып, қара сөздерінен тағылымды ойлармен бөлісті. Ұлы ақын мұрасы насихатталып, рухани құндылықтар дәріптелді.
✨ Абай мұрасы – ұлт руханиятының мәңгілік шамшырағы!
https://www.facebook.com/share/197dMGLMr1/?mibextid=wwXIfr

«Солтүстік Қазақстан облысы – Кітап оқитын өңір» жобасы аясында 10 тамыз – Абай күніне орай Уәлиханов аудандық кітапханасында «Абайды оқиды» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жастарды рухани құндылықтарды бағалауға және ұлттық әдебиетті құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары мен жастар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, ақынның тағылымды ойларымен танысты. Қатысушылар өздері таңдаған шығармаларды оқып, Абайдың білім мен ғылым, еңбек, адамгершілік, тәрбие, талап пен ізденіс туралы терең ойларына назар аударды.
https://www.facebook.com/share/p/18TjyoVUds

«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Бидайық ауылдық кітапханасында «Абайдың даналық сөздері» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараға кітапхананың жас оқырмандары қатысты. Әдеби кештің мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, оның даналық сөздері арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа және кітап оқуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен танысып, ақынның қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқыды. Абайдың нақыл сөздерінің мағынасы талқыланып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының шығармалары қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/p/1HcTB4Qnf8

«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Қондыбай ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетін насихаттау және Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын таныстыру мақсатында «Абай – даналық пен парасаттың көзі» атты кітап қойылымы ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектеп жасындағы 8 бала қатысты. Шара барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерімен» танысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар кітаптан үзінділер оқылып, Абайдың адамгершілік, білім, еңбек және тәрбие туралы нақыл сөздері талқыланды. Балалар өз ойларымен бөлісіп, кітаптың тәрбиелік мәні жөнінде пікір алмасты.

📚 «СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында
Көбенсай ауылдық кітапханасында ұлы ойшыл, ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған «Әл-Фараби – Ұлы даланың ұлы данасы» атты әдеби сағат ұйымдастырылды.
Әбу Насыр әл-Фараби – әлемге танылған ұлы ғалым, философ, математик, музыка зерттеушісі әрі Шығыстың көрнекті ойшылы. Ол өзінің ғылыми еңбектері мен терең философиялық көзқарастары арқылы адамзат өркениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, «Екінші ұстаз» деген құрметті атаққа ие болды.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлы ғұламаның өмірі мен мол рухани мұрасын насихаттау, таным көкжиегін кеңейту.
Шара барысында оқырмандар әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми еңбектері туралы мәліметтермен танысып, қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармаларына шолу жасады. Сонымен қатар әдеби викторинаға қатысып, өздерінің сүйікті кітаптары жайлы пікір алмасты және оқуға ұсынылатын әдебиеттермен танысты. Кітапханада тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, әл-Фарабидің еңбектері мен ол туралы жазылған кітаптар көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараға барлығы 10 оқырман қатысты.
📖 Әл-Фарабидің даналық сөздері:
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы.»
«Бақытқа жету – әрбір адамның өмірдегі ең басты мақсаты.»
Ұлы ойшылдың мол мұрасы бүгінгі ұрпақты білімге, ізгілікке және парасаттылыққа үндей береді.
https://www.facebook.com/share/p/1Czkdm3YKX

📚 «АБАЙДЫ ОҚИДЫ» АКЦИЯСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ! 🌿
Абайды оқу – өзіңді тану.
Абайды оқу – ойлану.
Абайды оқу – рухани кемелденуге қадам.
Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының мол мұрасын кеңінен насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және әр оқырманға Абай әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беру мақсатында Уәлиханов аудандық кітапханасының кіреберісінде «Абайды оқиды» акциясы ұйымдастырылуда.
✨ Бұл акцияның ерекшелігі – жасына шектеу қойылмайды!
Баладан бастап жасөспірімдер, жастар, ересектер, аға буын өкілдері – Абайды сүйіп оқитын әрбір адам акцияға қатыса алады.
Кітапханаға келген кез келген оқырман арнайы ұйымдастырылған «Абайды оқиды» оқу алаңына тоқтап, ұлы ақынның шығармаларын парақтап, өлеңдерін оқып, қара сөздерімен танысып, ой түйе алады.
📖 Оқу алаңында Абайдың:
🔹 таңдаулы өлеңдері мен шығармалары;
🔹 «Қара сөздері»;
🔹 ақын мұрасын зерттеген ғылыми-танымдық еңбектер мен мақалалар;
🔹 Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар;
🔹 Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын өмірін көркем бейнелейтін «Абай жолы» роман-эпопеясы ұсынылды.
🌱 «Абай жолын» оқу – Абай әлеміне үңілу.
Абайдың қара сөздерін оқу – өзіңе сұрақ қою.
Абай өлеңдерін оқу – жүрекке ой салу.
Акция аясында әр оқырман өзіне ұнаған шығарманы таңдап, оқып қана қоймай, Абайдың терең ойына үңіліп, өз түйінін жасай алады.
💙 Кітапхана – кітап сақтайтын ғана орын емес, ойланатын, ізденетін, пікір бөлісетін рухани орта. Сондықтан біз барша аудан тұрғындарын кітапханаға келіп, Абай шығармаларын бірге оқуға шақырамыз!
Абайды оқыңыз!
Абайды таныңыз!
Абаймен ой бөлісіңіз!
📍 Мекенжайы: Уәлиханов аудандық кітапханасы
📚 «АБАЙДЫ ОҚИДЫ» – оқуға, ойлануға, рухани жаңғыруға шақыратын акция!
https://www.facebook.com/share/p/1HTCou6Ltc

“СҚО — кітап оқитын өңір” жобасы аясында, Телжан ауылдық кітапханасында отбасы мүшелерін кітап оқуға баулу, кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау және ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту мақсатында «Кітап оқитын отбасы» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында кітап оқудың пайдасы, отбасымен бірге кітап оқудың тәрбиелік мәні туралы әңгіме жүргізілді. Қатысушылар сүйікті кітаптары мен шығармалары туралы ой бөлісіп, балалар әдебиетіндегі қызықты кейіпкерлерді еске түсірді.
https://www.facebook.com/share/r/14o6dDb92W1/?mibextid=wwXIfr

”СҚО — Оқитын өңір” жобасы аясында Абай Құнанбайұлының туған күніне арнап Қарашілік ауылдық кітапханасы ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа Абай шығармашылығын таныту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға ауыл кітапханашысы және мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат берілді.
Кітапханашы Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі, оның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні туралы әңгімеледі. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптармен, жинақтармен және кітап көрмесімен танысты.
Шара барысында Абайдың тағылымды өлеңдері оқылып, оның «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» сияқты шығармаларының мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ақын мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.
Абайдың әндері мен өлеңдері арқылы оның адамгершілік, білім, еңбек, ғылым және өнер туралы терең ойлары кеңінен насихатталды.
«Құлақтан кіріп, бойды алар» атты әдеби шара оқушылардың Абай әлеміне қызығушылығын арттырып, ұлы ақынның шығармаларын тереңірек оқып-білуге ықпал етті.
Іс-шараға 10 оқырман қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/19R6c7wVd3/?mibextid=wwXIfr

«СҚО – оқырман өңір» жобасы аясында Ақтүйесай ауылдық кітапханасында «Абай шығармашылығы- Мәңгілік мұра» атты әдеби сазды сағат өтті.
Мақсаты: ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын оқырмандарға кеңінен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақынның қара сөздері мен өлеңдеріндегі білім, ғылым, еңбек, адамгершілік және жастар тәрбиесі тақырыптарын мен таныстырылды.
Іс шара соңында Абай мұрасын оқу – рухани дамудың, білім мен өзін-өзі жетілдірудің маңызды жолы екенін атап өтті. Кітап көрмесіне Абай Құнанбайұлының шығармалары мен ақын туралы әдебиеттер ұсынылды.
https://www.facebook.com/share/p/19CyTkG3pr

«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Ақбұлақ ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында Абай күніне арналған танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында балалар ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысып, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар Абай шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар ақынның мол мұрасымен жақынырақ танысты.
Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге, халыққа рухани қазына!
https://www.facebook.com/share/p/1F7W8DpWCE/?mibextid=wwXIfr

«Солтүстік Қазақстан облысы – Кітап оқитын өңір» жобасы аясында Уәлиханов аудандық кітапханасының кітапханашылары мемлекеттік мекемелерге арнайы барып, мемлекеттік қызметкерлерді кітап оқуға және акцияға қатысуға шақырды.
Акцияның басты мақсаты – кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыру, мемлекеттік қызметкерлер арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани және кәсіби дамуға ықпал ету.
Кітапханашылар мекемелерге өздерімен бірге түрлі тақырыптағы көркем әдебиеттерді, тарихи және танымдық кітаптарды, тұлғалар туралы шығармаларды ала барып, қызметкерлерге кітаптарды таныстырды. Әр оқырман өз қызығушылығы мен талғамына қарай кітап таңдап, оқуға мүмкіндік алды.
https://www.facebook.com/share/p/1GU7jGBrQj

Өндіріс ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, мұзбалақ жырдың иесі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен айтылып, оның сыршыл да әсерлі өлеңдері оқылды. Қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесімен танысып, ақынның өлеңдері мен шығармаларына шолу жасады.
Әдеби кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылып, қатысушыларға Мұқағалидың таңдаулы шығармалары ұсынылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Мұқағали Мақатаевтың мол әдеби мұрасын насихаттау, ақын шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру және көркем әдебиетті оқуға баулу.
https://www.facebook.com/share/1Cnsxabqkc

Кітап – алтын қазына!
Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың бастауы. Оқылған әрбір кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттырып, жаңа дүниелерді тануға мүмкіндік береді.
Ақбұлақ ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану және кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында кітап оқу ұйымдастырылды.
Балалар өздеріне қызықты кітаптарды таңдап, сүйікті шығармаларын оқып, пайдалы ақпараттармен бөлісті.
«Оқыған озар, оқымаған тозар!»
https://www.facebook.com/share/p/14nVCX79iKj/?mibextid=wwXIfr

«СҚО — кітап оқитын өнір» жобасы аясында Мортық ауылдық кітапханасында «Оқуға құштар жүрек» атты кітапхана сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кітап оқудың адамға берер пайдасы, білім мен танымды арттырудағы рөлі туралы ақпараттар берілді. Оқырмандарға кітапты дұрыс таңдау, көркем шығармаларды оқу және оқыған кітаптан алған әсерімен бөлісу жөнінде кеңестер айтылды.Кітап көрмесіндегі әдебиеттер таныстырылып, оқырмандарға жаңа кітаптарды оқуға ұсыныстар берілді. Іс-шара соңында «Кітап – рухани қазына, білімнің қайнар көзі» екені атап өтіліп, кітап оқуға шақырылды.
https://www.facebook.com/share/p/19R9rbksPX

📚 «ОҚИТЫН ӨҢІР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! 📖
Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани қазына. Оқырман мен кітаптың арасын жақындату, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Оқитын өңір» жобасы аясында Қулыкөл ауылдық кітапханасы барша оқырмандарды кітап оқуға шақырады.
👧👦 Балалар, жасөспірімдер және барша кітапсүйер қауымға:
📖 сүйікті кітабыңызды таңдаңыз;
📚 кітапханаға келіп, жаңа кітаптармен танысыңыз;
🌱 бос уақытыңызды пайдалы өткізіңіз;
💡 кітап оқу арқылы біліміңізді арттырыңыз!
Кітап оқы – ойыңды өсір, біліміңді арттыр! 💙
https://www.facebook.com/share/p/1853YWNkPs/?mibextid=wwXIfr

«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Қондыбай ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және кітап арқылы білімдерін кеңейту мақсатында «Кітаппен бірге – білімге!» атты кітап оқу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға ауылдың жас оқырмандары қатысты.
Іс-шара барысында балалар кітапхана қорындағы әртүрлі тақырыптағы көркем және танымдық әдебиеттермен танысып, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап оқыды. Іс-шараға 5 оқырман қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/1BuZPwrVZm/?mibextid=wwXIfr

“СҚО — кітап оқитын өңір” жобасы аясында, Телжан ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітапты қадірлеуге және рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу мақсатында «Балалық шақ және кітап әлемі» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балалар кітапхана қорымен танысып, өздерінің сүйікті кітаптары мен балалар әдебиеті туралы әңгімелесті. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, білім мен тәрбиедегі орны туралы пікір алмасты.
https://www.facebook.com/share/r/1caNiMfopV/?mibextid=wwXIfr

«Әке — асқар тау, бала — баурайындағы бұлақ». Осындай қасиетті ұғымды тереңірек ұғындырып, отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту мақсатында Уәлиханов аудандық балалар кітапханасында ерекше мазмұнды кеш өтті!
СҚО «Кітап оқитын өңір» жобасы аясында ұйымдастырылған «Әкеммен бірге кітап оқудың мәні» атты тәрбиелік кеш балалар мен әкелердің басын қосып, кітапхана қабырғасын ерекше шуаққа бөледі.
Кештің ең әсерлі сәті:
Кеш барысында бүлдіршіндер өз әкелерімен бірге кітап сөрелерін аралап, жүректеріне жақын шығармаларды өздері таңдады. Балалардың әкесімен ақылдаса отырып кітап таңдауы, бірге отырып парақтауы — ұрпақтар сабақтастығының, әке мен бала арасындағы сенім мен сырластықтың жарқын көрінісі болды.
https://www.facebook.com/share/p/1Bo5uxJ3Y9

18 тамыз күні Қулыкөл ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жүз жасаған бәйтерек» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ әдебиетіне қосқан мол мұрасы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Қатысушылар ақынның өнегелі өмірі мен тағылымды шығармаларымен танысып, жырларын мәнерлеп оқыды.
Жамбыл – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан, жүз жасаған бәйтерек, айтыс өнерінің алыбы.
https://www.facebook.com/share/p/194fzSgHJp

Аққұдық ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті опера әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай «Ғасыр үні» атты QR-көрме ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары QR-код арқылы әншінің орындауындағы шығармаларды тыңдап, оның өмірі мен шығармашылығымен танысты. В Аккудукской сельской библиотеке к 100-летию выдающегося казахского оперного певца, народного артиста СССР Ермека Серкебаева была организована QR-выставка «Голос века». Жители села с помощью QR-кода прослушали песни в исполнении Ермека Серкебаева, познакомились с его жизнью и творческим наследием.
https://www.facebook.com/share/p/1EsyC28NNw/?mibextid=wwXIfr

«Кітап оқитын ұлт — қуатты ұлт!»
Читающая нация — сильная нация!»
«Оқитын ұлт» жобасы аясында Кузексай ауылдық кітапханасы балаларға арналған ашық аспан астында «Жазғы көңіл-күй кітабы» атты библиосалон өткізді. Таза ауада балалар қызықты кітаптар мен журналдармен танысып, көңілді ойындарға қатысып, сүйікті кітаптарын дауыстап оқыды.
Іс-шараға 7 оқырман қатысты.
В рамках проекта «Читающая нация»
Кузексайская сельская библиотека провела для детей библиосалон под открытым небом «Летнее настроение с книгой». На свежем воздухе ребята с удовольствием знакомились с интересными книгами и журналами, участвовали в весёлых играх, читали вслух любимые книги.
Мероприятие подарило детям хорошее настроение, яркие впечатления и напомнило, что летний отдых с интересной книгой становится ещё увлекательнее! В мероприятие участвовали 7 читателей.
https://www.facebook.com/share/1HGgnHYNMg

21 тамыз күні Қулыкөл ауылдық кітапханасында «Оқитын өңір» жобасы аясында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша таңдалған Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романына арналған ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында жазушының шығармашылығы мен өмір жолы туралы ақпарат беріліп, «Тағдыр» романының мазмұны мен негізгі идеясы таныстырылды. Оқырмандар шығарма төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кітап – рухани қазына, ұрпаққа жол сілтер шамшырақ!
https://www.facebook.com/share/1CQXhUw7xf/?mibextid=wwXIfr

25 тамыз күні Қулыкөл ауылдық кітапханасында «Оқитын өңір» жобасы аясында қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Өзім туралы» өлеңіне арналған библиографиялық шолу өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, оның әдеби мұрасындағы сыршылдық пен отансүйгіштік тақырыптары кеңінен таныстырылды.
Кітапхана оқырманы Нұғман Мадина ақынның шығармаларынан үзінділер оқып, көрермендерге Қасым поэзиясының көркемдігін жеткізді.
Қасым жырлары – қазақ поэзиясының биік шыңы!
https://www.facebook.com/share/17ytbh6MzC/?mibextid=wwXIfr

2026 жылдың тамыз айының жиырма бесінші жұлдызында «СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Бидайық ауылдық кітапханасында «Оқыған озады» атты танымдық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, білімнің адам өміріндегі маңызын түсіндіру және оқырмандарды рухани-танымдық әдебиеттермен таныстыру.
25 августа 2026 года в рамках проекта «СКО – Читающий регион» в Бидайыкской сельской библиотеке прошёл познавательный час на тему «Оқыған озады». Цель мероприятия – повысить интерес к чтению, подчеркнуть значение знаний в жизни человека и познакомить читателей с познавательной и духовной литературой.
https://www.facebook.com/share/p/1Gh77ukfGF

«ОҚИТЫН ӨҢІР – РУХАНИ БАЙЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ!»
«Жыр мен күйді тербеткен қос талант»
Биылғы мерейтой иелері – Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісованың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық шара
Жаздың соңғы айы – тамызда «Оқитын өңір» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиет пен өнерді насихаттау, сондай-ақ биылғы мерейтой иелерінің шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру мақсатында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған ұлы тұлғалар – Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар оқырман назарына ұсынылды.
https://www.facebook.com/share/p/1Ei7oGRYek

«СҚО – кітап оқитын өңір» жобасы аясында ауыл жастарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жастар және кітап: білімге бастар жол». кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында кітап оқудың адам өміріндегі маңызы, білімді жетілдірудегі және дүниетанымды кеңейтудегі рөлі туралы әңгіме жүргізілді. Жастарға заманауи әдебиеттермен қатар, қазақтың көрнекті жазушылары мен ақындарының шығармаларын оқу ұсынылды.Кездесу соңында жастарға кітапхананың қорындағы жаңа кітаптар таныстырылып, кітапханаға жиі келіп, рухани білімдерін толықтырып отыру ұсынылды.
https://www.facebook.com/share/p/1CHV4SsHQV

«Құпия оқулық» атты қызықты дөңгелек үстел
Мақсаты:
Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың құндылығын насихаттау, ой-өрісін кеңейту, еркін пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру және сүйікті шығармалары арқылы оқуға деген ынтасын дамыту.
Көбенсай ауылдық кітапханасында оқырмандармен «Құпия оқулық» атты қызықты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар өздері оқыған кітаптар туралы ой бөлісіп, қызықты шығармаларды таныстырды. Сондай-ақ кітаптың адам өміріндегі маңызы, білім мен рухани дамуға қосатын үлесі жөнінде пікір алмасты. Кездесу әсерлі әңгімелер мен белсенді талқылауға ұласып, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды.
https://www.facebook.com/share/p/1eSUQBChAR

«СҚО- оқитын өңір» жобасы аясында Кузексай ауылдық кітапханасы «Кішкентайларға арналған үлкен әдебиет» атты ақпараттық минутканы өткізді.
Жас оқырмандар классик және қазіргі заманғы балалар жазушыларының шығармаларымен танысып, кітаптың адамды мейірімді, білімді әрі ізденімпаз болуға тәрбиелейтінін білді. Кездесу балаларға үлкен әдебиетке деген сүйіспеншілік алғашқы оқылған кітаптан басталатынын еске салды.
https://www.facebook.com/share/p/1DaD9EJKBd

«СҚО- оқитын өңір» жобасы аясында Ақбұлақ ауылдық кітапханасында оқырмандардың құқықтық білімін жетілдіру мақсатында «Заңды білу – өмір талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында заңды білу мен өз құқықтарын қорғаудың маңыздылығы сөз болып, қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қатысушыларға заң талаптары түсіндіріліп, құқық пен міндеттер туралы пайдалы ақпараттар берілді.
Кітапханада құқықтық тақырыптағы әдебиеттерден көрме ұйымдастырылып, ұсынылған кітаптарға шолу жасалды.
Осындай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңды құрметтеуге және өз құқықтары мен міндеттерін білуге ықпал етеді.
https://www.facebook.com/share/p/1ZXDq8TTgv/?mibextid=wwXIfr

» СҚО -оқитын өңір» жобасы аясында Ақтүйесай ауылдық кітапханасында «Уақыт керуені – Жұмаділов шығармаларында» атты әдеби портрет іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, оның тарихи тақырыптағы романдары мен әңгімелерінің мазмұнына кеңінен тоқталынды. Қатысушылар қаламгер туындылары арқылы ұлттық тарих, елдік рух, туған жерге деген сүйіспеншілік туралы ой бөлісті.
Әдеби портрет оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, жас ұрпаққа рухани тәрбие беруге бағытталды.
https://www.facebook.com/share/p/1HN7b4LRUS

“СҚО — кітап оқитын өңір” жобасы аясында, Телжан ауылдық кітапханасында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиетті насихаттау және қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын кеңінен таныстыру мақсатында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Кітап – рухани қазына» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты мен маңызы туралы ақпарат беріліп, акция аясында оқуға ұсынылған шығармалар таныстырылды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Төлен Әлімқұловтың шығармашылығы мен өмір жолына тоқталып, жазушының әдеби мұрасы жөнінде мағлұматтар ұсынылды. Танымдық сағат барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға жазушының шығармалары таныстырылды. Қатысушылар шығармалардың мазмұнына қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, әдебиет пен кітап оқудың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты
https://www.facebook.com/share/1DCq5ZMTWE

«Кітап – білім бұлағы» атты әдеби-танымдық іс-шара
Өндіріс ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау мақсатында «Кітап – білім бұлағы» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балалар таза ауада кітап оқып, өздеріне ұнаған шығармаларымен танысты. Кітапханашы балаларға кітаптың адамға берер білімі мен тәрбиелік мәні туралы айтып, қызықты кітаптарды таныстырды.
Балалар кітаптарды қызығушылықпен қарап, бірге оқып, өзара пікір алмасты.
Іс-шара көңілді әрі танымды өтіп, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.
https://www.facebook.com/share/p/17xtiYFT1k/?mibextid=wwXIfr

2026 жылдың тамыз айының отыз бірінші жұлдызында «СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Бидайық ауылдық кітапханасында «Тіл шежіресі – ел шежіресі» атты танымдық сағат өтті. Шара барысында қатысушылар ана тілінің қадір-қасиеті, ұлт тарихы мен рухани мұрасы туралы мағлұмат алып, тілдің халық өміріндегі маңызына тоқталды.
31 августа 2026 года в рамках проекта «СКО – Читающий регион» в Бидайыкской сельской библиотеке прошёл познавательный час «Тіл шежіресі – ел шежіресі». В ходе мероприятия участники поговорили о значении родного языка, его роли в сохранении истории, культуры и духовного наследия народа.
https://www.facebook.com/share/p/18y14GuG19

«СКО -окитын өнір» жобасы аясында Ақтүйесай ауылдық кітапханасы «ҰЛТ ҰСТАЗЫ — АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ» атты әдеби сағаты өткізілді. Қатыскан оқырмандар А. Байтұрсынұлы туралы кітаптармен, мәліметтермен таныстырылды
Кейбір адамдар өз дәуірін ғана емес, тұтас ұлттың болашағын өзгертеді. Ахмет Байтұрсынұлы — сондай тұлға.
Ол — ғалым, ағартушы, ақын, тіл жанашыры, ұстаз және қазақ әліпбиі мен ұлттық жазудың дамуына зор үлес қосқан қайраткер.
✍️ Оның еңбегі қазақ баласына ана тілінде білім алуға жол ашты.
💡 Ал оның өмірлік ұстанымы бізге бір нәрсені еске салады: білімді ұрпақ — елдің ең үлкен байлығы.
Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының кітаптарын ашқанда, біз жай ғана өткен тарихты оқымаймыз. Біз тіліміздің, біліміміздің және ұлттық рухымыздың тарихын танимыз.
https://www.facebook.com/share/1DYKZd3ybY

«Тіл – достықтың кілті» атты танымдық іс-шара Қарашілік ауылдық кітапханасында Тілдер күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға тілдің адам өміріндегі маңызы, ана тілін құрметтеу және өзге тілдерді үйренудің пайдасы туралы айтылды. Оқушылар тіл туралы өз ойларын ортаға салып, мақал-мәтелдер айтып, тілге деген құрметтерін білдірді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тіл мәдениетін арттырып, ана тілін құрметтеуге және өзге тілдерді үйренуге қызығушылығын қалыптастыру. іс шара 10 оқырман қатысты
Познавательное мероприятие «Язык – ключ к дружбе» было организовано в Карашиликской сельской библиотеке ко Дню языков. В ходе мероприятия учащимся рассказали о значении языка в жизни человека, важности уважения к родному языку и пользе изучения других языков. Учащиеся высказали свои мнения, вспомнили пословицы и поговорки о языке. Цель мероприятия – повышение языковой культуры учащихся, воспитание уважения к родному языку и интереса к изучению других языков
https://www.facebook.com/share/19JjgSVXB1/?mibextid=wwXIfr

«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Бидайық ауылдық кітапханасында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мұрасына арналған «Ыбырай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты әдеби кеш өтті. Шара барысында оқырмандар ағартушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның өскелең ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы туралы ой бөлісті.
В рамках проекта «СКО – Читающий регион» в Бидайыкской сельской библиотеке прошёл литературный вечер «Ыбырай мұрасы – ұрпаққа аманат», посвящённый наследию великого просветителя Ыбырая Алтынсарина. Участники мероприятия познакомились с жизнью и творчеством выдающегося педагога, обсудили значение его богатого духовного наследия для подрастающего поколения.
https://www.facebook.com/share/p/1GEpHiQzEh

«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында
Аққұдық ауылдық кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – ұлттың жаны» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға 7–8 сынып оқушылары қатысып, ана тілінің қадір-қасиеті, мемлекеттік тілдің мәртебесі және тілдің ұлт руханиятындағы орны туралы өз ойларымен бөлісті. Оқушылар тілге қатысты сұрақтарға жауап беріп, танымдық тапсырмалар орындады.
Шара барысында «Тіл – ұлттың жаны» атты кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасалды. Сонымен қатар, оқушылар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінділер оқып, ақын мұрасын насихаттады.
Мақсаты – жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметін арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуға қызығушылығын дамыту.
https://www.facebook.com/share/p/1LXm72534m/?mibextid=wwXIfr

“СҚО — кітап оқитын өңір” жобасы аясында, Телжан ауылдық кітапханасында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және білімге деген құштарлығын ояту мақсатында «Білімнің бастауы – кітапта» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар кітаптың пайдасы, кітап оқу мәдениеті туралы ой бөлісіп, қызықты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар кітапханадағы балаларға арналған әдебиеттермен танысып, өздеріне ұнаған кітаптар жайлы пікірлерін ортаға салды.
Танымдық сағат оқушыларға кітаптың білім мен рухани дамудың негізгі көзі екенін түсіндіруге мүмкіндік берді. Іс-шара соңында оқушылар кітап оқудың адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.
https://www.facebook.com/share/p/1JZXXbvhcg/?mibextid=wwXIfr

«Тіл – ұлттың жаны» атты тақырыптық кеш
Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Қулыкөл ауылдық кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – ұлттың жаны» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ана тілін құрметтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көптілділікті насихаттау және жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кеш барысында тілдің ұлт өміріндегі маңызы туралы ой-пікірлер айтылып, тілге қатысты өлеңдер оқылып, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер айтылды. Қатысушыларға тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттық болмыстың негізі екені кеңінен түсіндірілді.
https://www.facebook.com/share/1ErMZ57Dzk/?mibextid=wwXIfr

“СҚО — кітап оқитын өңір” жобасы аясында, Қайрат ауылдық кітапханасында кітап оқуды насихаттау, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Кітап оқу – тұлға биігіне баспалдақ!» атты әдеби круиз ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен тәрбиенің, ой-өріс пен дүниетанымның қалыптасуындағы рөлі туралы кеңінен айтылды. Кітап оқу – адамның рухани дамуына жол ашып, сөздік қорын молайтып, ойлау қабілетін жетілдіретін маңызды құрал екені атап өтілді.
Әдеби круиз барысында қатысушыларға қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары таныстырылып, көркем әдебиеттің адам тәрбиесіне тигізер әсері туралы әңгіме жүргізілді. Оқырмандар өздері оқыған сүйікті кітаптары мен шығармалары туралы ойларымен бөлісіп, кітап кейіпкерлеріне қатысты пікірлерін ортаға салды.
https://www.facebook.com/share/p/17Ya772hko

Телжан ауылдық кітапханасында “СҚО — кітап оқитын өңір” жобасы аясында, тілдер күніне орай «Тіл – халық жанын танудың кілті» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ тілінің маңызы, ана тілін құрметтеу, тіл мәдениеті және көптілділіктің мәні туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, қазақ тіл білімінің дамуына қосқан еңбегі жайлы айтылды.
Танымдық сағат барысында кітап көрмесі таныстырылып, қатысушылар тілге қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ана тілін құрметтеу, тіл байлығын бағалау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу
https://www.facebook.com/share/r/1TXLNqCpuD

«ТІЛ МЕРЕЙІ – ЕЛ МЕРЕЙІ» АУДАНДЫҚ ТІЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Қазақстан халқының Тілдер күніне орай 4 қыркүйек күні Уәлиханов аудандық кітапханасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл мәдениетін насихаттау және ана тілімізге деген құрметті арттыру мақсатында «Тіл мерейі – Ел мерейі» атты аудандық тіл фестивалі өтті.
Фестиваль қонақтарды қарсы алудан басталып, кітапхананың арнайы ұйымдастырылған «Тіл – халық қазынасы» атты кітап көрмесімен таныстырумен жалғасты. Кітап көрмесіне қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері, сондай-ақ қазақ тілі, әдебиеті, ұлттық құндылықтар мен тіл жанашырлары туралы кітаптар қойылды.
Шара барысында мемлекеттік тілдің – ел бірлігінің негізі екендігі, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту – баршаға ортақ міндет екендігі айтылып, тілдің ұлт өміріндегі маңызы кеңінен сөз болды.
https://www.facebook.com/share/p/1C4uBBuJwA

«Экстремизм и терроризм – угроза обществу»
📚 «Оқитын өңір» жобасы аясында Аққұдық ауылдық кітапханасында «Экстремизм и терроризм – угроза обществу» тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға экстремизм мен терроризмнің қоғамға төндіретін қауіп-қатері, оның алдын алу жолдары және қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірілді. Кітапханада тақырыпқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, журналдар мен ақпараттық брошюралар қойылды.
👮♂️ Іс-шараға учаскелік полиция инспекторы қатысып, оқушыларға экстремизм мен терроризмнің не екені, олардың зардаптары, жастарды теріс ағымдардың ықпалынан қорғау және сақтық шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
https://www.facebook.com/share/p/1CFkPVJfUb/?mibextid=wwXIfr

«СКО -окитын өнір» жобасы аясында Ақтүйесай ауылдық кітапханасы
«Әжемнің ертегілері» атты кездесу сағаты отті
Мақсаты: Отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту және балаларды кітап оқуға баулу.
Кітапханада «Отбасымен бірге оқимыз» жобасы аясында «Әжемнің ертегілері» атты жылы да әсерлі іс-шара өтті. Кездесуге кішкентай оқырмандар әжелерімен бірге қатысты.Іс шара барысында ардақты Әжелеріміз балаларға, мейрімділікке, батылдыққа адалдыққа баулитын ертегілер айтып берді. Сондай ақ, «Ертегілер әлемінде» кітап көрмесімен таныстырылды. В рамках проекта «СКО -читающий регион» в Актуесайской сельской библиотеке прошла встреча семейного чтение
Цель: Возрождение традиций семейного чтения, укрепление связи между поколениями и приобщение детей к чтению книг.
В библиотеке в рамках проекта «Читаем всей семьёй» прошло теплое и трогательное мероприятие под названием «Әжемнің ертегілері». В встрече приняли участие маленькие читатели вместе со своими бабушками . Присутствовавшие бабушки рассказали сказки которые дает воспитание быть вежливыми, быть достойными, получать знание прочитав много книг. Ознакомились с книжной выставкой «В мире сказок».
https://www.facebook.com/share/18P7n9YbpZ

МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚ – ОТБАСЫ
Отамыздағы ең жылы әрі маңызды мерекелердің бірі – Отбасы күніне орай арнайы іс-шара өтті!
Шара барысында отбасылық құндылықтардың маңызы сөз болып, қатысушылар біршама уақытты көңілді әрі мазмұнды өткізді. Мерекелік дастархан басында жылы лебіздер айтылып, әр шаңыраққа бақыт пен береке тіленді.
Отбасы – тірек, алтын діңгек! Барлық отбасыларға амандық, бірлік және татулық тілейміз!
https://www.facebook.com/share/p/1Eu56h9wUU/?mibextid=wwXIfr

«Ыбырайдың даналығы – үлкендерге де, балаларға да»
«СҚО Оқитын өңір» жобасы аясында Аққұдық ауылдық кітапханасында оқушыларға арналған әдеби сағат ұйымдастырылды. Іс-шара ұлы ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына арналды.
Әдеби сағат барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің тағылымды шығармаларымен танысып, «Әке мен бала» және «Жомарт адам» әңгімелерін оқып, мазмұнын талқылады.
Оқушылар белсенді қатысып, шығармаларды қызығушылықпен оқып, өз ойларымен бөлісті. Осындай әдеби кездесулер жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдеби мұраны тануға ықпал етеді.
https://www.facebook.com/share/1Fe3MEumTd/?mibextid=wwXIfr

«СҚО-кітап оқитын өңір» жобасы аясында ауылдық кітапханада «Отбасы – өмірдің алтын тірегі» тақырыбында әдеби сағат өткізілді. Іс-шара отбасының адам өміріндегі маңызына, отбасылық құндылықтарға, жақын адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен өзара түсіністікке арналды.Іс-шара барысында қатысушылар отбасының әр адамның өміріндегі маңызы, ата-ананың рөлі, үлкендерді құрметтеу және кішілерге қамқорлық жасау туралы әңгімелесті. Отбасындағы сүйіспеншілік, сенім, өзара көмек, сыйластық және жауапкершілік сияқты құндылықтарға ерекше назар аударылды.
В библиотеке был проведён литературный час на тему «Семья — золотая опора жизни», посвящённый важности семьи, семейных ценностей, любви и взаимопонимания между близкими людьми.
https://www.facebook.com/share/p/1DraC1AiyW

«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Қондыбай ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетін насихаттау және Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын таныстыру мақсатында «Абай – даналық пен парасаттың көзі» атты кітап қойылымы ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектеп жасындағы 8 бала қатысты. Шара барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерімен» танысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар кітаптан үзінділер оқылып, Абайдың адамгершілік, білім, еңбек және тәрбие туралы нақыл сөздері талқыланды. Балалар өз ойларымен бөлісіп, кітаптың тәрбиелік мәні жөнінде пікір алмасты.
https://www.facebook.com/share/p/19F9WbaVZJ/?mibextid=wwXIfr

«СКО – оқитын өңір» жобасы аясында және Отбасы күніне орай Қайрат ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Біздің отбасымыздың сүйікті кітабы» атты танымдық әрі тағылымды акция өткізілді.
Акцияның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыру, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту.
Акцияға қатысқан отбасылар сүйікті кітаптарымен бірге суретке түсіп, оқырмандарға кітап оқудың маңыздылығын насихаттады. Әсіресе ата-аналардың балаларымен бірге кітап оқып, шығармаларды талқылауы қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
https://www.facebook.com/share/p/1BpYmvgxCu

📚 «Оқитын өңір» жобасы аясында
Қулыкөл ауылдық кітапханасы ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерін Республикалық кітап оқу марафонына қатысуға шақырып, марафонға қатысушыларға арналған жадынамалармен таныстырды.
Жадынамада марафонға қатысу тәртібі мен кітап оқуға қатысты маңызды ақпараттар қамтылды.
📖 Кітап оқу – рухани дамудың және білімнің бастауы!
https://www.facebook.com/share/p/14nEBvZotkV/?mibextid=wwXIfr

🌸 Отбасы күні құтты болсын! 🌸
Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат қазына, жүрекке жылу сыйлайтын қасиетті шаңырақ.
Әр отбасына береке-бірлік, молшылық, зор денсаулық, бақыт пен шаттық тілейміз! 🏡❤️
Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, дастархандарыңыз берекелі болсын!
Отбасыларыңыз аман, балаларыңыз бақытты болсын! 🌷✨
Отбасы күні құтты болсын! 💐
https://www.facebook.com/share/r/19YRkZFGyi
