«Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында ақпараттық кездесу

18 қыркүйек күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Өңірлік жобалық кеңсенің үйлестірушісі қатысушыларға марафонның мақсаты мен міндеттері, қатысу тәртібі және негізгі бағыттары туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ кітап оқудың тұлғаның интеллектуалдық және рухани дамуына, ой-өрісін кеңейтуге, білім мен мәдениетті арттыруға ықпалы атап өтілді.
Кездесу соңында әскери қызметшілерді кітап оқуға белсенді қатысуға және «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық бастамасын қолдауға шақырды.

Похожие записи