«Құқық әлеміне саяхат» – құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған интеллектуалды ойын
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсіндіру мақсатында «Құқық әлеміне саяхат» атты интеллектуалды-құқықтық ойын ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынады :«ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЯТ», «ҚҰПИЯ АГЕНТ: 24 САҒАТ», «ЕГЕР МЕН ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БОЛСАМ…» және т.б. Үш команда «Заңгер», «Әділет» , «Ақиқат» қатысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қатысты білімдерін көрсетті. Командалар құқықтық сұрақтарға жауап беріп, түрлі құқықтық жағдаяттарды талдап, өз шешімдерін ұсынды. Сонымен қатар ойын барысында логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау, пікір білдіру және командалық жұмыс дағдылары дамытылды.
Ойынның басты мақсаты – жас ұрпаққа құқық пен міндеттің өзара байланысын түсіндіру, заңды білу мен оны құрметтеудің маңыздылығын көрсету.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі.
Тәртіп пен жауапкершілік – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның кепілі.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан командалар мен қатысушылар қорытындыланып, үздіктер марапатталды.












