Централизованная библиотечная система» КГУ «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области

«СҚО –Кітап оқитын өңір» жобасы аясында Уәлиханов аудандық орталық кітапханасында «Кітаппен өткен уақыт» атты рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау, бос уақытты мазмұнды өткізуге баулу және оқырман мен кітап арасындағы рухани байланысты нығайту.

В рамках проекта «Северо-Казахстанская область – читающий регион» в Уалихановской районной центральной библиотеке состоялась духовно-познавательная встреча «Время, проведённое с книгой».
Цель мероприятия – повышение интереса читателей к чтению книг, популяризация значения книги в жизни человека, формирование культуры содержательного досуга и укрепление духовной связи между читателем и книгой.

https://www.facebook.com/share/p/19KJj6pBoi


«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Өндіріс ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Кітап – білім бұлағы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында қатысушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесіп, қызықты әдеби шығармалармен танысты. Сонымен қатар әдеби сұрақтарға жауап беріп, кітап кейіпкерлерін танып, өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісті. Іс-шара аясында «Кітап – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға оқуға ұсынылатын кітаптар таныстырылды. Шара соңында қатысушылар кітап оқудың маңызын түсініп, жаңа кітаптармен танысып, оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шараға барлығы 6 адам қатысты.

https://www.facebook.com/share/p/1BSE6hrzpG/?mibextid=wwXIfr


📚 КІТАППЕН ӨТКЕН УАҚЫТ 📚
Құрметті аудан тұрғындары мен кітапсүйер қауым!
Сіздерді «Кітаппен өткен уақыт» атты рухани кездесуге шақырамыз.
Кітап – өткенді танып, бүгінді түсінуге, болашаққа сеніммен қадам басуға жол ашатын асыл қазына. Келіңіз, бірге кітап әлеміне саяхат жасап, жаңа туындылармен танысып, қызықты әдеби сұхбат пен танымдық викторинаға қатысайық!
📅 Күні: 31 шілде
🕒 Уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: СҚО, Уәлиханов аудандық орталық кітапханасы
Бағдарламада: 📖 Жаңа кітаптарға шолу
📚 Кітап көрмесі
💬 Әдеби сұхбат
🧠 Танымдық викторина
✨ Оқырман пікірлері мен еркін әңгіме
Кітаппен бірге уақыт өткізіп, рухани әлеміңізді байытуға шақырамыз!
📖 Кітап оқыңыз – өзіңізді табасыз, әлемді танисыз!

https://www.facebook.com/share/p/19GnPb6Xhh


«Кітаптағы тарих – музейдегі мұра» әдеби-танымдық саяхат.
Бүгін аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «СҚО – Оқитын өлке» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы бойынша «Кітаптағы тарих – музейдегі мұра» атты әдеби-танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларын насихаттау, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру болды.

https://www.facebook.com/share/p/1Pr5scvNKx


“СҚО — кітап оқитын өңір” жобасы аясында, Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Телжан ауылдық кітапханасында танымдық-әдеби іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында қатысушыларға Абайдың өмір жолы, шығармашылық мұрасы туралы кеңінен ақпарат берілді. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері оқылып, олардың тәрбиелік мәні мен бүгінгі қоғамдағы маңызы талқыланды. Қатысушылар Абай шығармаларынан үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар кітапханада «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары мен ол туралы әдебиеттер таныстырылды.

https://www.facebook.com/share/r/1DTwDmrNSj/?mibextid=wwXIfr


«СҚО — оқырман өңір» жобасы аясында Кузексай ауылдық кітапханасында отандастарымыз, жазушы Иван Шуховтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Шуховтың өмірі мен шығармашылығы» атты өлкетану іс-шарасы өтті. Іс-шараға 6 оқырман қатысты.
Кітапханашы қатысушыларды жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстырып, оның өмірбаяны, негізгі туындылары мен шығармашылығының қазақ және орыс әдебиеті үшін маңызы туралы баяндап, кітапхананың қорында бар кітаптарды таныстырды.
Іс-шараның мақсаты: Иван Шуховтың шығармашылығын дәріптеу, туған өлкенің әдеби және тарихи-мәдени мұрасына қызығушылықты тәрбиелеу, көрнекті жерлестеріне мақтаныш сезімін қалыптастыру.#ОқитынҰлт #СКОЧитает

https://www.facebook.com/share/p/14jdDBYCsn1


📖 «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» – БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ӨШПЕС СИМВОЛЫ!Балалық шақтың қызықты әрі шытырман сәттеріне саяхат жасағыңыз келе ме? Ендеше біздің кітапханаға қош келдіңіздер! ✨«СҚО — Кітап оқитын өңір» облыстық жобасы аясында Ақбұлақ ауылдық кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туындысына арналған «Қожа – балалық шақтың символы» атты танымдық іс-шарасы мен театрландырылған қойылымы өтті. 🎭Іс-шара барысында мектеп оқушылары аты аңызға айналған Қожаның сотқарлығы мен ақкөңілдігін, оның достары Жантас пен Жанардың бейнелерін сахнада шебер сомдап шықты. Кітап бетіндегі кейіпкерлер тіріліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. 😍Іс-шараның мақсаты:Өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, ұлттық әдебиетіміздің жауһарларын насихаттау және балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау.Кітапханамыздың белсенді оқырмандары мен жас әртістеріне шынайы өнерлері мен кітапқа деген махаббаттары үшін алғыс айтамыз! 👏🌟Кітап оқитын өңірдің қатарынан қалыс қалмай, кітапханаға жиі келіп тұрыңыздар! Сүйікті кітаптарыңыз сіздерді күтеді! 📚❤️

#СҚОкітапоқитынөңір

https://www.facebook.com/share/p/1BG9dst3R5/?mibextid=wwXIfr


«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Қарашілік ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Табиғат және кітап» атты ашық аспан астындағы оқу сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектеп жасындағы 10 бала қатысты. Шара барысында қатысушылар табиғат аясында Мұзафар Әлімбаевтың «Орман ертегілері», «Қызыл кітап», «Табиғат – біздің ортақ үйіміз», «Жануарлар әлемі», «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» атты балаларға арналған әдебиеттермен танысып, кітаптардан үзінділер оқыды. Сонымен қатар оқылған шығармалар бойынша өзара пікір алмасып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы жөнінде ой бөлісті.

https://www.facebook.com/share/p/1BYMMyZ5K4/?mibextid=wwXIfr


📚”СҚО-Оқитын өңір “жобасы аясында «Абай әлеміне саяхат» әдеби сағаты
Мақсаты: Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын таныту, оқырмандардың рухани дүниесін байыту және кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
2026 жылдың 5 тамыз күні Аққұдық ауылдық кітапханасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ауыл тұрғындарының қатысуымен таза ауада «Абай әлеміне саяхат» атты әдеби сағат өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерін оқып, қара сөздерінен тағылымды ойлармен бөлісті. Ұлы ақын мұрасы насихатталып, рухани құндылықтар дәріптелді.
✨ Абай мұрасы – ұлт руханиятының мәңгілік шамшырағы!

https://www.facebook.com/share/197dMGLMr1/?mibextid=wwXIfr


«Солтүстік Қазақстан облысы – Кітап оқитын өңір» жобасы аясында 10 тамыз – Абай күніне орай Уәлиханов аудандық кітапханасында «Абайды оқиды» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жастарды рухани құндылықтарды бағалауға және ұлттық әдебиетті құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары мен жастар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, ақынның тағылымды ойларымен танысты. Қатысушылар өздері таңдаған шығармаларды оқып, Абайдың білім мен ғылым, еңбек, адамгершілік, тәрбие, талап пен ізденіс туралы терең ойларына назар аударды. #АбайдыОқиды #АбайКүні #АбайМұрасы #СҚОКітапОқитынӨңір #УәлихановАуданы #УәлихановАудандықКітапханасы #КітапОқитынҰрпақ #РуханиҚазына

https://www.facebook.com/share/p/18TjyoVUds


«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Бидайық ауылдық кітапханасында «Абайдың даналық сөздері» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараға кітапхананың жас оқырмандары қатысты. Әдеби кештің мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, оның даналық сөздері арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа және кітап оқуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен танысып, ақынның қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқыды. Абайдың нақыл сөздерінің мағынасы талқыланып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының шығармалары қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/share/p/1HcTB4Qnf8


Screenshot

«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Қондыбай ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетін насихаттау және Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын таныстыру мақсатында «Абай – даналық пен парасаттың көзі» атты кітап қойылымы ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектеп жасындағы 8 бала қатысты. Шара барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерімен» танысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар кітаптан үзінділер оқылып, Абайдың адамгершілік, білім, еңбек және тәрбие туралы нақыл сөздері талқыланды. Балалар өз ойларымен бөлісіп, кітаптың тәрбиелік мәні жөнінде пікір алмасты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02EM29fMrB4UCiP99mSZsd93uMkPmnwQyispu7D2zcZffUVagGfFwzfwvhyzsNSdBBl&id=61566402638192&mibextid=wwXIfr


📚 «СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында
Көбенсай ауылдық кітапханасында ұлы ойшыл, ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған «Әл-Фараби – Ұлы даланың ұлы данасы» атты әдеби сағат ұйымдастырылды.
Әбу Насыр әл-Фараби – әлемге танылған ұлы ғалым, философ, математик, музыка зерттеушісі әрі Шығыстың көрнекті ойшылы. Ол өзінің ғылыми еңбектері мен терең философиялық көзқарастары арқылы адамзат өркениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, «Екінші ұстаз» деген құрметті атаққа ие болды.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлы ғұламаның өмірі мен мол рухани мұрасын насихаттау, таным көкжиегін кеңейту.
Шара барысында оқырмандар әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми еңбектері туралы мәліметтермен танысып, қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармаларына шолу жасады. Сонымен қатар әдеби викторинаға қатысып, өздерінің сүйікті кітаптары жайлы пікір алмасты және оқуға ұсынылатын әдебиеттермен танысты. Кітапханада тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, әл-Фарабидің еңбектері мен ол туралы жазылған кітаптар көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараға барлығы 10 оқырман қатысты.
📖 Әл-Фарабидің даналық сөздері:
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы.»
«Бақытқа жету – әрбір адамның өмірдегі ең басты мақсаты.»
Ұлы ойшылдың мол мұрасы бүгінгі ұрпақты білімге, ізгілікке және парасаттылыққа үндей береді.

https://www.facebook.com/share/p/1Czkdm3YKX


📚 «АБАЙДЫ ОҚИДЫ» АКЦИЯСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ! 🌿
Абайды оқу – өзіңді тану.
Абайды оқу – ойлану.
Абайды оқу – рухани кемелденуге қадам.
Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының мол мұрасын кеңінен насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және әр оқырманға Абай әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беру мақсатында Уәлиханов аудандық кітапханасының кіреберісінде «Абайды оқиды» акциясы ұйымдастырылуда.
✨ Бұл акцияның ерекшелігі – жасына шектеу қойылмайды!
Баладан бастап жасөспірімдер, жастар, ересектер, аға буын өкілдері – Абайды сүйіп оқитын әрбір адам акцияға қатыса алады.
Кітапханаға келген кез келген оқырман арнайы ұйымдастырылған «Абайды оқиды» оқу алаңына тоқтап, ұлы ақынның шығармаларын парақтап, өлеңдерін оқып, қара сөздерімен танысып, ой түйе алады.
📖 Оқу алаңында Абайдың:
🔹 таңдаулы өлеңдері мен шығармалары;
🔹 «Қара сөздері»;
🔹 ақын мұрасын зерттеген ғылыми-танымдық еңбектер мен мақалалар;
🔹 Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар;
🔹 Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын өмірін көркем бейнелейтін «Абай жолы» роман-эпопеясы ұсынылды.
🌱 «Абай жолын» оқу – Абай әлеміне үңілу.
Абайдың қара сөздерін оқу – өзіңе сұрақ қою.
Абай өлеңдерін оқу – жүрекке ой салу.
Акция аясында әр оқырман өзіне ұнаған шығарманы таңдап, оқып қана қоймай, Абайдың терең ойына үңіліп, өз түйінін жасай алады.
💙 Кітапхана – кітап сақтайтын ғана орын емес, ойланатын, ізденетін, пікір бөлісетін рухани орта. Сондықтан біз барша аудан тұрғындарын кітапханаға келіп, Абай шығармаларын бірге оқуға шақырамыз!
Абайды оқыңыз!
Абайды таныңыз!
Абаймен ой бөлісіңіз!
📍 Мекенжайы: Уәлиханов аудандық кітапханасы
📚 «АБАЙДЫ ОҚИДЫ» – оқуға, ойлануға, рухани жаңғыруға шақыратын акция!

#АбайдыОқиды #АбайҚұнанбайұлы #АбайМұрасы #АбайЖолы #ҚараСөз #КітапОқы #СҚОКітапОқитынӨңір #УәлихановАуданы

https://www.facebook.com/share/p/1HTCou6Ltc


“СҚО — кітап оқитын өңір” жобасы аясында, Телжан ауылдық кітапханасында отбасы мүшелерін кітап оқуға баулу, кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау және ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту мақсатында «Кітап оқитын отбасы» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында кітап оқудың пайдасы, отбасымен бірге кітап оқудың тәрбиелік мәні туралы әңгіме жүргізілді. Қатысушылар сүйікті кітаптары мен шығармалары туралы ой бөлісіп, балалар әдебиетіндегі қызықты кейіпкерлерді еске түсірді.

#СҚО_КітапОқитынӨңір📖

#КітапОқитынОтбасы👫🏻📚

https://www.facebook.com/share/r/14o6dDb92W1/?mibextid=wwXIfr


”СҚО — Оқитын өңір” жобасы аясында Абай Құнанбайұлының туған күніне арнап Қарашілік ауылдық кітапханасы ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа Абай шығармашылығын таныту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға ауыл кітапханашысы және мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат берілді.
Кітапханашы Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі, оның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні туралы әңгімеледі. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптармен, жинақтармен және кітап көрмесімен танысты.
Шара барысында Абайдың тағылымды өлеңдері оқылып, оның «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» сияқты шығармаларының мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ақын мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.
Абайдың әндері мен өлеңдері арқылы оның адамгершілік, білім, еңбек, ғылым және өнер туралы терең ойлары кеңінен насихатталды.
«Құлақтан кіріп, бойды алар» атты әдеби шара оқушылардың Абай әлеміне қызығушылығын арттырып, ұлы ақынның шығармаларын тереңірек оқып-білуге ықпал етті.
Іс-шараға 10 оқырман қатысты.

https://www.facebook.com/share/p/19R6c7wVd3/?mibextid=wwXIfr


«СҚО – оқырман өңір» жобасы аясында Ақтүйесай ауылдық кітапханасында «Абай шығармашылығы- Мәңгілік мұра» атты әдеби сазды сағат өтті.
Мақсаты: ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын оқырмандарға кеңінен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақынның қара сөздері мен өлеңдеріндегі білім, ғылым, еңбек, адамгершілік және жастар тәрбиесі тақырыптарын мен таныстырылды.
Іс шара соңында Абай мұрасын оқу – рухани дамудың, білім мен өзін-өзі жетілдірудің маңызды жолы екенін атап өтті. Кітап көрмесіне Абай Құнанбайұлының шығармалары мен ақын туралы әдебиеттер ұсынылды.

https://www.facebook.com/share/p/19CyTkG3pr


«СҚО – Оқитын өңір» жобасы аясында Ақбұлақ ауылдық кітапханасында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында Абай күніне арналған танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында балалар ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысып, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар Абай шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар ақынның мол мұрасымен жақынырақ танысты.
Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге, халыққа рухани қазына! #СҚОоқитынөңір #АбайКүні #АқбұлақАуылдықКітапханасы #АбайМұрасы #КітапОқу

https://www.facebook.com/share/p/1F7W8DpWCE/?mibextid=wwXIfr