Өмір мектебінен өткен

 «Қаламге» , «Жязушы» , «Ақын» дегенде алдымен ойға түсетіні-саңлақтар ғой. Алайда Тәңір таңдаулы етіп жаратқан жекедара тұлғалар әмсе әдебиеттің жүгін жалғыз көтерген емес. Өнері өлшеусіз, өмірі өнеге дерлік өзге дарындарды да өгейсітпейтін оқырман,қалам қуатын танитын оқырман жетерлік.
Өзінің осындай жанашырын тапқан, өмір ауыртпалығымен алпарыста рухани айбынына сенген сөз серкесі Зейнел-Ғаби Иманбаев еді. Топырақтан тысқары — аман болғанында туған жердің төсінде сексенге толғанын тойлар едік-ау деген ойым — ой. Бірақ «батпандап кіріп, мысқылдап шығатын» сырқат ақыры алып тынды.
Марқұмды көзі тірісінде көріп, қаламына сүйсініп жүретін ізбасары болғандықтан ба екен, өзіне жақын тартып, өзгелерге өте ашыла қоймайтын ұстамды, сабырлы, салмақты сипатынан ауытқитын кезі де болушы еді. Өнер-өлең дарып, өлермендік бойыма жуымағандықтан ба екен — өзгеге иек артпай, өзіне сенгендерді ардақ тұтып, осы ағамды айрықша қадірледім. Өйткені, ауылда тұрып, Алматыда кітап бастыру қиямет екенін білетінмін. Дарыны жетсе де қарымы қысқа болғандықтан жігер мұқалатын осы олқылықты жеңе білген ағамыз жиырмаға тарта кітап бастырғаны — ерлік!
…1987 жылғы қазан айының соңы есімде. Редакцияға Зекең дүниеден озғаны жөнінде хабар жеткен Марқұмды жерлеуге аттанғандардың арасында Шал ақын ауданындағы Ортақкөл ауылына барғанмын Қарашаға қадам басар тұседі. Алайда нақ сол күні ауа райы жазылып жүре бергені ғажап болды. Жаймашуақ. Күн қабағы жадырап, «жазушы ренжімей өтсінші» деген Тәңір ықыласындай тәуір тұрды. Жұрт осыны ұққандай болды.
Ия, содан бері өмір ұршығы он жеті жылды үйіріп тастапты. Зекеңнің сексенге келер тұсы да таяп қалғанын оның он баласының бірі, әрі озығының санатындағы қызы Марал және елімізге әйгілі әнші, өнерпаз Алтын осы мерейтой туралы хабардар еткенде аңғардым. Қисық көшеге түссе де түзу жүретін аға тойына тілеулес болдым. Ақыры осы мерейтой Алматыда өтіп, оның қарсаңында «Қазақ әдебиеті», «Начнем с понедельника», «Айқын» газеттері Алтынның және басқа тілшілердің мақалаларын жариялады. Әсіресе, әнші Алтынның әке жайындағы жүректен туған тебіреністері жүрекке жетті.
Алматыдағы осы салтанатқа аттанар алдында Маралмен әсер бөлісу жөнінде уағдам бар еді. Мәнісі — Алматы француздың Парижіндей әрі таң, әрі паң қала, үлкен мәдени орталық емес пе. Мұндай мерейтойға есігін аша беретін елгезекте емес. Алайда, бірталай беткеұстар қаламгерлер, әнші-күйші дегендей өнер иелері игі тілекпен тоғысқан той Ғалымдар үйінде болып өтті.
Мамандығы дәрігер, соған қоса ақын Марал сөзді әріден бастады.
— Дәрігер болуым — өмір талабы, ақын болуым -ататегімнен. Әкем ұзақ төсек тартып, науқас қинаған сәттегі арманым еді. «Әкемді айықтырсам, төсегінен тұрғызсам!» деген қиял қанатымен таңдауым еді. Әпкем Зейникамал да осылай толғанған. Екеуіміз де дәрігерміз.
— Ал ақындығыңның тамыры тектен нәр алады ғой?
— Әрине. Әкем (біз оны «Тәте» деуші едік) әнші де, ақын да еді. Алтынға әншілігі дарыды, маған ақындығы бұйырды.
— Олай болса, Алматыдағы тойдың қазығы дұрыс қағылған екен?
— Он баласы, Махамбет айтқандай, атқа қондық қой. Әсіресе, елге танылған Алтын сіңлімнің еңбегі зор болды. Оның әншілік өнерін бағалайтын достары әкеме де, анама да «Құдай берсе — кең ғой, шіркін!» деп еміренетінін, тебіренетінін талай естігенбіз.
Сол тәнтілігін осы жолы танытты. Ғалымдар үйіндегі кеш сонысымен жан толғандырды.
Кешті Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың әртісі, жас та болса, қадірлі өнер иесі, әрі әнші Байғали Есенәлиев жүргізді. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Талаптан Ахметжанов, белгілі қаламгерлер Жұмабай Шаштайұлы, Дінәш Нұрмағамбет тебірене тілек айтып, әрі әкемізге өмірлік серік болғаң тар жерде сүйеген, кең жерде қызығын бөліскен анамызға тағзым еткенде дария-көңіліміз көктемгі тасқындай болды.
Ұлттық өнердің сүт бетінде қаймағының бірі, дәулескер домбырашы, күйші Жарқын Шәкәрім, әншілер Сұлушаш Нұрмағамбетова, Мұхамедқұл Смағұлов, Жақсылық Мырқаев, Бағлан Бибіжан және біршама дарынды жас бұлбұлдар сахнаға мәрте-мәрте шықты.Өзіміздің өнерпазымыз Күнсұлу Шаяхметова, сіңлім Алтын әнмен әлденеше шашу шашты.
— Әрине, негізгі де түйінді сөз Жазушылар одағының орайынан болады ғой. Солай емес пе?
— Осы сауал орнықты деп өзім де ойлап отырмын. Одақтың басқармасы мұңдай мәселелерді талқылап, талдап, шаралар ұйымдастыратыны ақиқат екен Рас, анабір қиын тұстарда қиналғаны анық. Бірақ қазір еңсе көтеріліп, бауыр жазылды ғой. Талаптан Ахметжанов осыған түсінік берді, қолдау жасады. Әке ұрпағы, отбасы бұған аса риза болдық. Әсіресе, анамыз айрықша қуанды.
Өзінің сөзінде Талаптан Ахметжанов әкемнің жиырмаға тарта кітабы басылып шыққаның олар зор еңбектің жемісі екенін жиналғандарға сүйіне жеткізді.
— Бұлар ең қатал сүзгіден өткендері ғой?
— Нансаң да, нанбасаң да — ақиқаты осы. Әкем алдымен өзіне ерекше сын көзімен қараған адам еді. Сиясы құрғамай тұрып, жазғанын ала жүгірмейтін Уақыт өте келе қайта оралатын Көңілжықпастық дегенді алдымен өзінен аластайтын. Баспаға даяр тұрған, қадам басуға жарап қалған бір кітабын өзі ұнатпай өртеп жіберіпті. Неткен талапшылдық десеңші! Күлдібадам кітаппен осылай күрессек қой…
— Марал әкейдің бар болғаны жеті сыныптық біліммен ел таныған қаламгер атанғаны Горький сынды өмір университетін тауысқанынан шығар? Әйтеуір, Алматыда абыройы асуы –біздің өңірге де мәртебе деп ой түйгім келеді.
— Рахмет! Өзіміз де осы сезімге бөленіп, сондай бір нұрлы кеңілде болдық…


Әкімжанов З. Өмір мектебінен өткен // Солтүстік Қазақстан. — 2004. — 24 желтоқсан. — 10 б.

 

Похожие записи

  • Атадан аманат, ұрпаққа ұлағат

    Қазақ елінің кең байтақ даласында «дворян» деген сөз таңғаларлық болып естіледі. Ғасырлар қойнауына енген бұл түсінік қазіргі заманғы адамның құлағына тосын сөз секілді.
    Ол кезде Ресей державасына адалдыққа ант берген адамды ержүректігі, батылдығы, намыскерлігі айрықшаландырып тұратын. Сондай адамдардың бірі — подполковник Жылғара Байтокин болды. Император ағзам оны Жоғары мәртебелі аудиенциясына қабылдап, дворян атағын берді.
    Оның шыққан тегі жайлы мәліметтер аз. Байтокиндердің ата-бабалары ғасырлар бойы қазіргі Есіл ауданының аумағында өмір сүргендігі ғана белгілі. Бұл адамның патша әскерінің қатарына қалай кіргендігі жайлы тарихта ешқандай мәлімет жоқ.


     

  • Сегіз қырлы бір сырлы тұлға еді

     Қазақтың көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жезқазған, Сәтбаев, Көкшетау қалаларының, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, даңқты жерлесіміз Кәкімбек Салықов тірі болса 85 жасқа толар еді.

  • Сөз зергері

     Қара сөзді орып айтатын, кемел ақыл-парасатпен толқыта айтатың озық ойлы, заманынан озып туған Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденов 1987 жылғы 23 мамыр күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қатысып отырған Қазақстан Жазушылар одағының пленумында қас батырдай қасқайып, жанартаудай лапылдап тұрып сөйлеген еді.

  • Өлеңнен тапқан бақытын

     Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада теріскей өңірде айтыстың дамуына сүбелі үлес қосқан ақын Уахит Темірбековтің туғанына 120 жыл толуына орай “Өмірді өлеңімен өрнектеген ақын” атты еске алу шарасы өтті. Игі іс-шараға ақынның көзін көргендер мен кітапхана оқырмандары қатысты.

  • Құс – қаламгер

     Шіркін, ақын-жазушылар көздің сұғын алатын кенен сұлу өңірінде өмірге келеді ғой. Биылғы тойы — 60 түгіл, 50-ін де көре алмай, өмірден ертерек өткен жазуиш Ермек Қонарбаевтың атамекені — Көктерек ауылы да осындай: оның кестелі жерін сурет дерсің! Мұндай табиғат дарынын дарытпай қоймайды, әрине.