Қаламгердің ғажайып әлемі

 …КСРО ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫВЫҢ 1960 ЖЫЛДАН МҮШЕСІ, ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫ, МЕНІҢ АСЫЛ ӘКЕМ ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИ ИМАНБАЕВТЫҢ ӨМІРІНІҢ ӨЗІ ДЕ ЕРЛІККЕ ПАРА-ПАР ЕДІ ҒОЙ. ОЛ ТУРАЛЫ АЗ АЙТЫЛЫП, АЗ ЖАЗЫЛҒАН ЖОҚ.
Шынында да жазушылық, ақындық үлкен тапғампаздықты, ой ұшқырлығын, жан-дүниө байлығын, адами асыл қасиеттерді, таным мен нанымның тереңдігін, сөз қүдіретін түсіне білу мен қатар, міндетті түрде, ананың сүтімен, атаның күшімен бойға біткен табиғи талантты қажет етеді. Жазушы күйбең тіршілік пен күйкі өмірдің ұсақ-түйегіне аса мән бермейді, оны қоғамдағы қайшылықтар, өмірдегі жақсы мен жаман, ащы мен тұщы, қоршаған ортаның сәулесі мол жақтары мен көлеңкелі тұстары толғандырады, ойландырады, адамгершілік тұрғыдан баға беруге тырысады, жақсылыққа барар жол іздейді, оқырмандармен ой бөліседі. Жазушы күн сайын сиқырлы сөз әлемінде шарқ ұрып мыңдаған сұрақтарға жауап іздейді, ой маржанын тізеді.
Әкөм әдебиет көгінде самғап шырқап кетпесе де, қырандай қалқып еркін ұшты, оның жазған еңбектерінің қайсын алсаң да, өскелең ұрпақты биік адамгершілік қасиеттерге баулиды: Отанды сүю, үлкенді сыйлау, кішіні құрмет тұту, ананы ардақтау, сондай-ақ, ел ішінде кездесетін маскүнемдік, еріншектік, боқтампаздық, өтірікшілік, жағымпаздықты әшкерелеп, аулақ болуды насихаттайды. Ол өте еңбексүйгіш, қажырлы, қайратты, ақкөңіл, жайдары, жарқын мінезді, қалжыңқой, жомарт жан болатын. Еңбексүйгіштігінің, өмірді өте сүйгендігінің арқасында талай жыл төсек тауқыметін тартып жатып өмірден түңілмеген, көп оқыған, көп жазған. Ақыры еңбегі жанып, 17 кітабы Алматы баспаларынан бірінен соң бірі жарық көрді.
… Әкем қайтқаннан кейін ауылдың адамдары жетімсіреп, ортасы ойсырап, орны бос, әзіл-қалжыңы естілмей, бастары қосылғанда көпке дейін «Шіркін, Зекең болса әлде бір қызық әңгіме айтып, жұрттың көңілін бір көтеріп тастар еді», — деп іздеп отыратын. Әкем тамаша суреткер болатын. Оның жазған кітаптарының кейіпкерлері — өзімен қоянқолтық өмір сүрген қарапайым ауылдастары. Шығармаларын оқып отырып аты басқаша болса да жазбай танып, тура өзін көргендей әсер аласың, ақкөңіл ауылдастарымды, өткен ата-әжелерімді сағынамын. Адамның мінез-құлқын, өзіне ғана тән жақсы-жаман әдеттерін қолмен қойғандай қаз қалпында көрсете білуші еді. Табиғат құбылыстарын: қарлы дала, үскірік боран, найзағайлы түн, орман-тоғай, желдің суырылып соғуын, көктем суреттерін, аңдарды, төрт түлік малды сипаттау ол үшін мүлде қиын емес еді, өйткені ол барлық қубылыстарды байқап тұратын. Ал жазудан қолы босаса аңшылықпен, балық аулаумен, бағбандықпен айналысатын.
Әкем өнер жолының оңайға түспегенін айтып отыратын. Жазушылық өнерді меңгеру жолында көптеген кедергілер мен жайсыздықтар да кездеспей қалған емес. Өз сөзі «халық бақыты үшін арманда кеткен ардагерлерді тірілтіп шығару міндетім сияқты болады да тұрады». Алдына осындай нұрлы мақсат қойып көп еңбекетті. Ол 1921 жылы Кеңес үкіметін орнату жолында құрбан болған күрескер жерлесіміз Құрманғали Бошатаев туралы деректі повесть жазбақшы болып, көнекөз қариялардан деректер жинады. Шығарма сол қалпы болған оқиға негізінде жазылды. Аз ғана байлар Құрманғалиді бір түнде жоқ қылып жібергенмен, оның қайғылы қазасы туралы ел ішінде білетін кісілер болған. Өлтіріп, мүрдесін белгісіз соқыр құдыққа тастағанын біреу білмесе де, біреу білген. Қүрманғалиді Бекі Төребаев бастаған байлар түнде жойып, «біз білмейміз, Спасовкадағы атаманға жібергенбіз, солар Қызылжарға жіберіпті», — деп алдаусыратқан. Әкөмнің деректі повесі жарық көрмеді, оның орнына «Қыран түлегі» атты көркем әдебиет дүниеге келді. Жеке адамдардың жалған намысы әкемнің нұрлы мақсатына бөгет болды, елі үшін опат болған жерлесіміз Құрманғали Бошатаев аруағының алдында кешірілмейтін күнә болды деп есептеймін. Осы повестің негізінде жазылған «Ауыл жігіті» деген бір актілі пьесасын өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Есіл ауданында халық театры сахналады, одан кейін Талдықорған облысындағы «Ақсу» халық театры сахнаға шығарды.
Жазушы үшін сөз бостандығы ауадай қажет. Қазіргі жеке ел болып, қазақтілі жаңа биіктерге көтерілген кезде тірі болса, оның елге берері әлі көп еді. Өкем — жас кезінен кітапты , көп оқып, көп білуге тырысқан адам. Үлкен адамдардан әр нәрсені сұрап біліп жататын. Ел аузынан жинағандары да аз емес еді, іске жаратпақшы дүниелері де бар еді. Ол Сегіз сері, Қожаберген жырау, Шал ақын мұраларын жинады. Оның 1987 жылы жазып алған Сегіз серінің Мақпал қызға шығарған елу үш шумақ өлеңі бар. Ол Балта Керей, Тұрсынбай батыр туралы деректер жинаған еді, жаза алмай кетті.
… «Өмір дө өлең сияқты, ұзақтығымен емес, мағыналығымен бағаланады» демекші, әкем ұзақ өмір сүрмесе де артына айтуға ауыз толатындай із тастап кетті. Оның бір қысқа әңгімесі бір атқа бергісіз.
Осы бір әке туралы толғауымды әкемнің өз сөзімен аяқтағым келеді, «Мен өзімнің сүйікті кейіпкерлеріммен бірге ілгерілеп кете бермекпін…». Ел аман, жұрт тыныш болса, жылдар өткен сайын ол келер, айлар мен жылдарға өз кейіпкерлерімен қол ұстасып ілгері кете береді, кете береді… Ия, жазушы еңбектері -ұрпақ мұрасы, ел байлығы. Қазақ халқы «жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деп текке айтпаған. Өнер өлмек емөс.

Марал ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИҚЫЗЫ,
Зейнел-Ғаби Иманбаевтың қызы.


Зейнел-Ғабиқызы М. Қаламгердің ғажайып әлемі // Қызылжар нұры.- 2023.- 29 желтоқсан. — 4 — 5 б.

Похожие записи

  • Чокан Валиханов (1835-1865)

     Чокан Валиханов — выдающийся казахский просветитель-демократ, ученый- востоковед, мыслитель и общественный деятель, оставивший заметный след в истории исследования правовой мысли.

  • Бірегей тұлға

    Герольд Бельгерді білгелі жетпіс төрт жылдың жүзі болыпты. Оның отбасы Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылы Волга жағалауынан біздің елге — Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Шал ақын ауданының Қабайтұяқ ауылына қоныс аударды.

    Сонда Гера мектеп жасына жаңа толған қаршадай сары бала еді. Әкесі Карл фельдшер болып жұмыс істеді. Бүкіл бір ауылдағы жалғыз неміс отбасы болды. 7 жасар Гера сол төңіректегі жалғыз қазақ орта мектебінде білім алды.

     

  • Сәбит Мұқанов Сталиннің қабылдауында болған

    Ресей тарихында, тіпті, әлемдік тарихта Сталиннің рөлі туралы тиянақты көзқарас әлі қалыптасып болған жоқ. Ресейдің өзінде қоғамдық пікір екіге жарылған.Біреулер үшін ол миллиондаған жазықсыз адамдарды қырып-жойған қанішер, екінші біреулерге Ресейді мемлекет ретінде жер бетінде аман сақтап қалу үшін туған орыс ұлтының «ұлылығына» табынып өткен жанкешті қайраткер.Ал осы жолдардың авторы мен үшін, СОКП қатарында 30 жыл болған бұрынғы коммунист, қазақ тарихын, Ресей тарихын, әлем тарихын, мәдениеті мен әдебиетін бір кісідей білетін, жетпіс беске қарап отырған жорналшы үшін Иосиф Сталин деген кім? Ол — Ресейдегі 1917 жылғы қазан төңкерісі қаһармандарының бірі және аузы дуалы ағылшын айтыпты деген:

     

  • Өнерді ұлықтаудан шаршамаған

     Қуандық Қасымов — облысымыздың руханиятына айтарлықтай үлес қосқан тұлғалардың бірі. Бар саналы ғұмырын өнерге арнаған азаматты есте қалдыру мақсатында былтыр өнер фестивалі бастау алған болатын. Сол игі бастама биыл да жалғасын тауып, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген мадениет қайраткері Қуандық Қасымовты еске алуға арналған «Өнерді ұлықтаудан шаршмаған» атты фестиваль өтті.