Лебіздер

Әбділда Тәжібаев:

«Есләм менің ойымда жүрген дәмелі, үміт артатын інілерімнің бірі болғандықтан, оның «Ақ қайнар» деген атпен топталған өлеңдерін шын ықыласпен оқып шықтым. Әрбір жырдың өз әуені, өз сыры бар. Есләм тақырып жағынан кілең жаңалық айтады деу қиын. Бірақ бізге мәлім тақырыптардың өзі де Есләмша жырланып, жаңғырып отырады. Өйткені, талантты ақынның өлеңді поэзиялық дәрежеге көтеретін өнері көп, аспаптары мол».

Евней Букетов:

«Ақ қайнарыңды» алғалы недәуір болды, кітаптың ықшамдылығы қандай жақсы — бірді-екілі қалтама салып жиналыстарға да бардым — сөйлеушілердің сөзі жалпылама болса, «Ақ қайнарға» үңіліп отырдым. Үлкен рахмет! Жазғандарыңды жүрекпен, тебіреніспен жазады екенсің, бұл ақындықтың шын белгісі ғой. Талабың өсіп, шабытың ұлғая берсін! Ақын інім табылғанына қуанып та жүрмін».

Қадыр Мырза-Әлі:

«Есләм күй таңдайтын, бап тілейтін ақын тәрізді. Оның сирек жазатыны содан шығар. Өткен ғасыр өкілдерімен салыстырғанда қазіргі заман қаламгерлері шабыт жөнінде сиректеу айтады. Бұрын шабытты дарын иесінің өзін мүлдем ерекше алымды сәттері деп түсінсе, бүгінде кейбір ағайындар оны жұмыс процесі ғана деп ұғады. Есләм, біздің байқауымызша, алғашқы топты қалайтын тәрізді.

Ақын менен шабыттың жаны бірге,

Шабыт өлсе, ақын да өлді деп біл!».

Тұманбай Молдағалиев:
«Күні кеше қатар жүріп өмір кешкен, қатар жүріп өлең жазған, өнер биігіне өрмелеген іні-достарымның бірі Есләм Зікібаев еді. Мейлінше сыпайы, мейлінше өр, өжет інім менен бір жас қана кіші екен. Ол мені Тұмаға деп ардақтайтын, алдымды қиып өтпейтін азамат еді.
Соңғы жылдары, әсіресе, өмірінің соңғы айларында маған жиі көп жолығатын еді. Ақындар жолығысқанда әлеңнен басқа еш нәрсені көп айта бермейді. Есләмнің поэзиясын, өзін де мен бір-түрлі жақсы көруші ем.

Кешеден бері мен оның өлеңдерін оқумен болдым. Жетпістің желді шыңына Есләмнің өзі жетпесе де, сөзі жетті. Өлмес өлеңдері жетті».


Лебіздер Тәжібаев.Ә, Букетов.Е,Қадыр Мырза-Әлі, Молдағалиев.Т. // Солтүстік Қазақстан. 7 маусым. – 2016. – 4 б.

Похожие записи

  • Туған жер төрінде

     Өңірдің қонысқа жайлы, табиғаты сұлу, тарихы терең аймақтарының бірі – Шал ақын ауданы. Қасиетті мекеннің жасыл даласы, өзен-көл, орман-тоғайы, тіпті қазақы қалпынан айнымаған ақжүрек халқы да бұл жердің ежелден қазақтың ән-жырына, асыл сөзіне бесік болған атырап екенін еске салып, көңілді ерекше әсерге бөлейді.

  • Естен кетпес кездесу немесе Ғабеңнің аманаты

     1980 жылдың жазы болатын. Дәл сол жылы қызылжарлықтар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың 80 жылдығына арналған мерейтойды өткізуге кірісіп кетті.

  • Менің ағам

     Анамыз көп құрсақ көтергенімен, жарық дүниені көру бақыты бесеумізге ғана бұйырыпты. Бәріміз құлын-тайдай тебісіп, шұрқырасып өстік. Жолымыз жіңішке болғандықтан, үшеуіміз де ағамыз – Ермекке арқа сүйедік. Біз оған қиындықта да, қуанышта да иек арттық. Ол да бізді әрдайым демеп, жақсылығымызды асырып, қайғыда қасымыздан табыла білді.

  • ЗАПАСЫ ДУШЕВНОГО СВЕТА

     В казахской литературе немало представителей различных специальностей, которые, не отставая от профессиональных литераторов, достигли значительных успехов в своем творчестве и стали гордостью народа. К примеру, Олжас Сулейменов -геолог, Зейн Шашкин — врач, Ильяс Есенберлин — горный инженер. К этой же категории литераторов относится и наш земляк Какимбек Салыков –горны инженер, крупный государственный и общественный дятель, еще во времена Союза ставший широко известным и популярным поэтом.