Есләм жыры — тұнған қазына

 Берержауап, қойса уақытсұрағын,

Көкірегімде  тынбай аққан  жыр-ағын.

 Қайкездеде соңғысөздіайтатын 

ХАЛЫҚ дейтін Сыншым барын  ұғамын!», —деп жырлапөткенақын, белгілі публицист ЕсләмЗікібаевтыңшығармашылық  мұрасытерең ойға, тәлімтәрбиеге толы асыл қазына.

Бүгінде ақын ағамыз арамызда жоқ болса да, оның мерейтойына арналып өтетін кештердің әрқайсысында тебірене айтылатын жүрекке шуақ ұялатар жырларынан бойға қуат алып, жерлес дарынымыздың талантына бас ие түсесің. Есләм Зікібаевтың 80 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан осындай ой түйдік.  

«Ерке Есілдің ақ толқын Есләмі» атты ақынды ұлықтауға арналған кешке зиялы қауым өкілдері, Есләм Зікібаевтың жары Рауза апай, балалары мен немерелері және оқырмандары қатысты.

Шара басталмас бұрын қонақтар ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған «Жыры қалды жанының ұшқынындай» атты кітап көрмесін тамашалады. Конференцияны ашып, жүргізіп отырған облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова алыстан келген қонақтарға өзінің және солтүстікқазақстандықтардың атынан ризашылығын білдірді.

Поэзияны, өнерді бәрінен жоғары қойып, саналы өмірінде туған еліне өлең сөзімен қалтқысыз қызмет еткен ақын Есләм Зікібаевтың есімі ерекше құрметпен аталады. Оның өлеңдерін оқи отырып, ақын бойындағы сүйіспеншілік сезімі туған табиғат арқылы келгендей күй кешесің. Есағаң ылғи оқырманын толғанысқа бөлеп отырады. Конференцияға арнайы келіп, баяндама жасаған ақын, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия кеңесінің төрағасы ӘділғазыҚайырбеков осындай ойымен бөлісті. Оның айтуынша, Есләм Зікібаев туған жерін, туған елін қалай сүйсе еліменжерінің бүгіні менертеңіне болашағына да соншалықты алаңдап өткенақын. Сонымен қатар, халықтың ғасырлар бойына аңсап күткен асыл арман, үмітін, бар талап-тілегін айтуды да ұмытпаған.

«Перзент парызы деген, бәлкім, осы шығар», -деді  баяндамашы. Ол, сондай-ақ, «Есләм Зікібаев өлеңдеріндегі уақыт тынысы» баяндамасында ақынның осы тақырыптағы өлеңдеріне талдау жасай отырып: «Ақыннын кешегі айтқан сөзінің салмағы бүгін ауырлап барады», -деді.

—  Халықпен үні үндес, ұраны бір өнер жанашыры жұртшылық  жүлдесіне ие, әрдайым ел ардағы қауым құрметтісі саналмақ. Есләм  ағамыз осындай жанның бірі еді, -деді ақын Болат Шарахымбай. 

Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, «Мағжан» журналының бас редакторы Жарасбай Сүлейменов Есләм Зікібаевтай туған ауылы туралы жырлаған ақындардың саусақпен санарлық екендігін айтып, кіндік қаны тамған жер — Өрнек елді мекеніне деген ыстық сағынышы шығармашылығының маңызды тақырыптарының бірі болғандығын сөз етті.

 Жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш ақын өлеңдерінің өзегі өмір шындығы екендігіне тоқталды. Ол Мағжан Жұмабаев, Кәкімбек Салықов, Ерік Асқаров сынды танымал ақындарды дүниеге әкелген Қызылжар өңірін қасиетті, киелі мекенге теңеді.

Ал Есләм Зікібаевтың туысқаны, досы Семетай Жусанбаев жерлес қаламгер туралы жүрекке жылы тиер жақсы естеліктерін ортаға салды.

Баяндамашы жыр алыбының есімін ұмытпайтын, туған жерінде оның асыл мұрасын паш етуші азаматтардың барына шын ризашылығын білдірді. Есләм Зікібаевтың жары Рауза апай да әулетінің атынан шараны ұйымдастырушыларға зор алғысын айтып, ақынның туған ауылы Өрнек мектебіне арнап әкелген сыйлығын табыс етті.

Конференциядан соң мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, жергілікті өнерпаздар оның сөзіне жазылған әндерді орындады.

Гүлбике Кубенова,«Солтүстік Қазақстан».

 суретті түсірген Амангелді Бекмұратов.


Кубенова.Г.Есләм жыры — тұнған қазына // Солтүстік Қазақстан. — 9 маусым. —2016. – 2б.

 

 

Похожие записи

  • Бәйкен Әшімов феномені

     Бәйкен Әшімұлы Әшімов — XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан тарихындағы санаулы ірі тұлғалардың бірі. Ол кісінің халық, мемлекет алдындағы қызметі сан-салалы,ұлан-ғайыр.
    Оған баға беру, республика алдындағы қызметін саралау — алдағы тарихтың үлесі.
    Өз басымыз қиындық пен жетістіктерге, төңкеріс пен өзгерістерге толы заманымыздың куәгері ретінде Бәйекең туралы ғибраты мол бастамаға үн қоссақ деген ғана пікірдеміз.
    Осыған байланысты Бәйкен Әшімұлының «феномені» неде деген сұрақ туындауы заңды. Республика көлеміндегі айтулы қайраткер, парасатты ақыл иесі, кемеңгер ұйымдастырушы қалай қалыптасты, қалай өрістеп, бүкіл Одаққа белгілі басшы ретінде танылды деген сауал әрбір көкірегі ояу, саналы азаматты толғандырары сөзсіз.

  • Есіл ағады Мағжанның жүйрік жырындай…

     Өзіміз күнделікті ортасында жүрген, аптабымен күйдіріп, аязымен тоңдыратын, бірде арқаңнан қағып марқайтатын, қызығы да, қыжылы да көп қым-қуыт мына дүние әуен мен әуезге, сарын мен сазға тұнып тұр. Тереңінен толқып көтеріліп, бір жотаның омырауын иненің көзіндей тесіп, жылт-жылт етіп ағып жатқан ерке Есілдің сылқ-сылқ күлген сылқым сылдырына құлақ түріңізші. Одан заман мен уақыттың дүбір мен дірілге толы үнін, адамның күйініш пен сүйінішке толы жан-жүрегінің қысқа күнде қырық құбылатын сырын ұғасыз.

  • Ғұмырын ғибратпен өрген

     Қай жазушының өмірбаянын алып қарамайық, олардың барлығының әдебиеттегі дара жолын өлең жазудан бастағанын аңғарамыз. Проза мен поэзияны қос қанатына айналдырып, шығармашылықтың көгінде қырандай қалықтаған қаламгерлеріміз аз емес.

  • Кино – ұлттық идеология құралы

     Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында ұлттық сананы оятып, қазақ халқын рухтандырған кинолардың бірі — ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың поэмасының желісімен түсірілген «Батыр Баян» тарихи фильмі еді.
    Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның сенімді серіктерінің бірі — Баян туралы туынды әлі күнге дейін көгілдір экраннан түсе қойған жоқ. Жақында осы фильмнің режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұзақ жылдар «Қазақфильм» киностудиясын басқарған, бүгінде Қазақ Ұлттық өнер университетінде иіәкірт тәрбиелеп жүрген белгілі кино маманы Сламбек Тәуекелов мырзаға жолығып, сұхбаттасудың сәті түсті. Әңгімеміз тарихи фильмнің қалай түсірілгенінен басталды.

    Сәл әріректен бастайын. Балалар жазушыларының ішіндегі шоқтығы биік тұрған қаламгерлердің бірі — Сапарғали Бегалинді бәріңіз білесіздер. Атом жарылыстарының нағыз ортасында орналасқан Семей өңірінің Қайнар деген ауылында туып-өскен. Кеңес өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кезде ол ішкі істер саласының комиссары болып қызмет атқарды. Бір таңғалғаным, осындай қызмет атқара жүріп, жастығының ішіне Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын жасырып келген екен. Үйінен кеткенде жастықты кемпіріне тыққызып қояды, кешке келгенде алдырып, өзі ғана жастанған. Міне, сол азамат Мағжанның көп шығармаларын аман сақтап қалды. “Батыр Баян” поэмасы, “Шолпанның күнәсі” әңгімесі, басқа да көптеген шығармалары сол жастықтың ішінен шықты. Бұл -нағыз ерлік, ұлтқа қызмет етудің үлгісі.