ЗИНЗИВЕР Яков Акимович (18.8.1920, Солт. Қазақстан обл. Тайынша ауд. Новоприречный а. — 2.3.1979. Украина, Донецк обл.) — 3 дәрежелі “Даңқ” орденінің толық иегері. 1940 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысындағы ұрыстарға қатысқан. Кіші сержант. 302-атқыштар дивизиясының 827-атқыштар полкінің байланысшысы болған. 1-Украин майданында 1944 жылдың маусым айында жаудың бораған оғының астында үзілген 27 байланыс желісін іске қосқан. 12.8.1944 ж. 3-дәрежелі “Даңқ”‘ орденімен марапатталған. 17.2.1945 ж. 2-дәрежелі “Даңқ” орденімен, ал 1956 жылдың мамыр айында 2-дүрежелі Даңқ орденінің (май, 1945) орнына қайтадан 1-дәрежелі “Даңқ” орденімен марапатталған. Одан кейін Донецк обл-нда тұрып, жұмыс істеген.
И. Зубарев