Жалпы ақпарат

Облыстық кітапхананың тарихы отызыншы жылдардан бастау алады…

1934 жылғы 15 сәуірі – “Облыс кітапханаларының жұмысы туралы” Қарағанды облыстық партия комитетінің қаулысы қабылданды, оның 13-тармағында: “облыстық білім басқармасына Петропавл қаласы еңбекшілерін кітаптармен тікелей қызмет көрсету қамтамасыз етілсін, Петропавл қалалық орталық кітапханасын Қарағанды облыстық кітапханасы етіп 1934 жылғы 10 наурыздан кешіктірмей қайта ұйымдастыру ұсынылсын… . Қалалық кеңеске кітапханаға бидай шаруашылығы ғимаратын беру мәселесі 10 мамырға кешіктірілмей жеделтетілсін…”.

1936 жылы облыстың атауын өзгертуге байланысты кітапхана Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы деп аталды.

1936 жылдың наурызында кітапхана алғаш рет облыстық бюджеттен бөлінген 13 мың рубльге әдебиет сатып алды.

1937 жыл-кітапханаға қалалық кеңестің сол қанатындағы (қазіргі облыстық тарихи-өлкетану мұражайы) ғимараттың бір бөлігі берілген. Бірінші қабатта оқу залы, екінші қабатта абонемент орналасқан.

1941 жыл-кітапхана Ленин көшесі, 41 мекен-жайындағы жеке бір қабатты ғимаратқа ауыстырылды.

1949 жыл. Кітапхана штаты 12 адамды құрады. Келесі абонемент, оқу залы, қазақ тіліндегі кітаптарды беру абонементі, кітаптарды жинақтау және өңдеу бөлімдері жұмыс істеді .

1950 жыл. Облыстық кітапханада 30 жыл бойы өз жұмысын жүзеге асырған ауыл кітапханашыларын дайындау бойынша курстар ашылды.

1959 жыл. Анықтама – библиографиялық қызмет құрылып, бас библиограф лауазымы енгізілді.

1968 жыл. Жазушы-академик Сәбит Мұқановтың тікелей қатысуымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі облыстық кітапхананың жаңа ғимаратын салу туралы шешім қабылдайды.

1973 жыл. Облыстық кітапхана көлемі 3,2 мың м2 жаңа типтік ғимаратқа көшті. Кітапхана құрылымында жаңа бөлімдер құрылды: кітап сақтау, ауыл шаруашылығы мамандарына қызмет көрсету, өнер бойынша әдебиеттер, шет тіліндегі әдебиеттер, МБА, айырбастау-резервтік қоры.

23 мамыр 1973 жыл. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен облыстық кітапханаға Сәбит Мұқановтың есімі берілді.

Бүгінгі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – көрсетілетін қызметтердің көлемі мен қол жетімділігі бойынша облыстың ең ірі кітапхана қорына ие, өлкетану және оқуды танымал ету орталығы, отандық және әлемдік мәдениеттің ең үздік үлгілерінің қазынасы.

Басым бағыттар
Заман талабынындағы өмір сапасына және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына жоғары талаптар жағдайында кітапхана қызметінің басты мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру болып табылады.

Осыған орай келесілерге ерекше назар аударылады:

  • Кітапхананың сервистік мүмкіндіктерін кеңейту және ақпараттық ресурстарды жинақтауды жақсарту есебінен облыс халқына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыру;
  • Мәдени-ағарту және бос уақыт жобаларын жүргізу үшін жағдай жасау;
    пайдаланушының жайлы жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық технологияларды кешенді дамыту;
  • Аймақтың кітапханалық-ақпараттық ортасын құру.
  • ОӘҒК-ның кітапханалық-ақпараттық ресурстарын Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық ортасына интеграциялау;
  • Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету.

Қоры
Кітапхананың басты байлығы-750 000 данадан астам кітап қоры.
Қордың сақталуы үшін мынадай іс-шаралар кешені жүзеге асырылады: қор қоймаларында сақтау режимінің мониторингі; түптеу жұмыстары; толық мәтінді деректер базасына ұсыну үшін жекелеген коллекцияларды цифрлау.
Электрондық каталог және деректер қорын ашуға көмектеседі. Жинақтық электрондық ақпараттық өнімдер дайындалады, библиографиялық құралдар шығарылады, “Солтүстік Қазақстан электрондық кітапханасы” – өзінің толық мәтінді электрондық ресурсы қалыптасады, онда өлкетану мазмұнындағы ең құнды құжаттар ұсынылған.

Пайдаланушыларға қызмет көрсету
Жыл сайын кітапханаға 300 мыңнан астам адам барады. Облыс тұрғындарына кітапхана аралық абонемент және құжаттарды электронды жеткізу жүйесі арқылы қызмет көрсетіледі.
Оқырмандар барлық отандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға тегін қол жеткізе алады. Қашықтықтан пайдаланушыларға кітапхана порталында түрлі электрондық қызметтер мен ресурстар ұсынылған.
Қызмет көрсету процестерін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінеді. Көрсетілетін қызметтер: іздеу, құжаттарға тапсырыс беру, пайдаланушыны қашықтан тіркеу.
Facebook, Instagram, YouTubе сияқты әлеуметтік медиа арналары арқылы кітапхана пайдаланушылармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Кітапхана оқырманы немесе қашықтан пайдаланушы өз сұранымы бойынша толық ақпаратты жедел алу үшін ұжым көп еңбектенеді.

Қол жетімді ортаны ұйымдастыру мәселелері: мүмкіндігі шектеулі адамдарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.
Сәбит Мұқанов ат. СҚ ОӘҒК – ақпараттық және ағарту орталығы ғана емес, сонымен қатар солтүстікқазақстандықтардың бос уақыт, мәдени және рухани қарым-қатынас жасайтын сүйікті орындарының бірі. Олардың көпшілігіне “Өлкетану”, “Қаламгер”, “Гармония”, “Проба пера”, Петропавл қаласының әдеби-поэтикалық клубы, Ағылшын тілі клубы, әдеби қонақ, “ашық кітап” оқу орталығы, латын графикасындағы қазақ әліпбиін оқыту курстары, “Мейкерспейс” робототехника ресурстық орталығы, киелі жерлерге 3Д – турлар және т. б. сияқты әртүрлі клубтардың отырыстарына жақын адамдарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Жастар үшін Коворкинг-орталық құрылып, онда достармен, пікірлестермен қарым-қатынас жасауға, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға, іскерлік кездесулер, пікірталастар, шеберлік-сыныптар, тренингтер ұйымдастыруға болады.
Кітапхана жұмысы туралы барлық ақпарат Порталда және БАҚ-та жарияланады.

Жобалар
Кітапхананың жобалық қызметі кітап пен оқуды алға жылжытуда, кітапхана жұмысын техникалық және технологиялық жаңғыртуда негіз болып табылады. Саны – 20. Халықаралық, республикалық және өңіраралық деңгейлерден қалаларға дейін түрлі формалар мен деңгейлердегі кең ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Бұл-фестивальдар, жәрмеңкелер, акциялар, ғылыми-практикалық конференциялар. Ауқымды және табысты бизнес-модельді іздеу үшін жастарға арналған – Стартап жобасы жұмыс істейді.

Жобалық көрмелер мәдени-ағарту кеңістігін қалыптастырады. Әрбір экспозиция кездесулер, презентациялар, мастер-кластар кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып экскурсиялар циклімен сүйемелденеді. Мұндай жобалар оқырмандар мен тұрғындардың жағымды пікірлеріне ие.

Сәбит Мұқанов ат. СҚ ОӘҒК – жалпы қазақстандық маңызы бар жиынтық ақпараттық ресурстарды құруға бағытталған жобалардың белсенді қатысушысы: қазақстандық ұлттық электронды кітапхана, құжаттарды электронды жеткізу (ЭДД) және т.б. Қазақстандық, ресейлік ірі кітапханалармен ынтымақтастық қарым қатынас, Халықаралық мәдени жобаларға қатысу арқылы оқырмандардың ақпараттық кеңістігін кеңейтеді.

Әдістемелік орталық
Облыстың 321 кітапханасына арналған ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми орталық ретіндегі кітапхана қызметі кәсіби ынтымақтастыққа, жинақтау, өңдеу, корпоративтік ақпараттық ресурстарды құру, желілік технологияларды пайдалану саласындағы инновациялық тәжірибені игеруге ықпал етеді. Кітапхана мәдени бағдарламаларға бастамашылық жасайды, ауылдық кітапханалардың қызметіне мониторинг жүргізеді, аймақтағы кітапхана ісінің жағдайы туралы аналитикалық есептер дайындайды, кітапхана қорларын қалыптастыру және облыс халқының оқу деңгейін арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастырады.
Кітапхананың кадрлық әлеуетіне көп көңіл бөлінеді. Олардың қызметі арқасында “Жанды кітап”, “Түнгі кіітапхана”, “Жанды кітапхана”, “Кітап сыйлау” және т. б. жобалар жүзеге асырылуда.

Жергілікті қоуымдастықпен өзара байланыс
Сәбит Мұқанов ат. СҚ ОӘҒК-ның дамуы үшін қоғамдық қолдауға ие: жыл сайын жаңа достар мен серіктестер пайда болады. Олардың көмегімен қоғамдық және мәдени акциялар өтеді, қорлар толықтырылады (сыйлар мен сыйлаушылар).
Солтүстік Қазақстан облыстық ғылыми кітапханасы қоғамның дамуында болып жатқан барлық өзгерістерге аса мән бере отырып, үнемі дамып келеді, жаңа технологияларды енгізеді, қазіргі әлеуетті мүмкіндіктерді тиімді пайдаланады, бұл бізге ең жақсы мәдени дәстүрлерді сақтауға мүмкіндік береді.

Сіздерді кітапханамызда көруге қуаныштымыз. Біз өзара тиімді ынтымақтастыққа ашықпыз, сіздердің тілектеріңізді ескеруге дайынбыз. Кітапхана туралы
Облыстық кітапхананың тарихы отызыншы жылдардан бастау алады…