2021 жылдан бастап С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Парасат жолы” орталығы жұмыс істейді.
“Адалдық алаңы” – қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара ынтымақтастықтың жаңа форматты жобасы аясында “Парасат жолы” орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеуге кез-келген тұлға қатыса алатын ашық алаң болып табылады. Орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі: адалдық, парасаттылық, әділдік, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтары насихатталады. Солтүстік Қазақстан облысының кітапханаларында 319 “Парасат жолы” орталықтары мен бұрыштары ашылды.