«Журнал беттерінен»

2022 жылдың 30 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Журнал беттерінен» тақырыбында журналдарға шолу жасалды.
Шолуды кітапханашы Дамира Серікбаева жасады.
Бүгінгі шолуда қазақ тіліндегі әдебиет бөліміндегі журналдармен таныстырып өттік. Оның ішінде, Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, құқықтық, ғылыми-практикалық, қоғамдық-саяси, әдеби-мәдени, ғылыми-көпшілік және де Қазақстан жазушыларының әдеби-әлеуметтік журналдарына жан-жақты тоқталдық.
Сондай-ақ биыл Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ұлттық қоғамдық-саяси журнал «Ақиқат», әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси журнал «Үркер», ғылыми-әдістемелік «Қазақ тарихы» журналдарында Ахмет Байтұрсынұлы туралы мақалалар мен оның қанатты сөздері берілгендігі айтылды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ЖурналБеттерінен