ЖОЛАУШИН Шаяхмет Құрманұлы (1927. Со.тг. Қазақстан обл. Есіл ауд. Тауағаш а. — 1979. сонда) — Социалистік Еңбек Ері. Егістіктегі тракторшылар бригадасында бригадир. Ж-нің және оның бригадасының еңбектегі жетістіктері жайлы Ғ.Мүсірепов “Дихан жолы” атты повесть жазды (А., 1978). Ж-нің еңбек жолы “Тың игеруге 40 жыл” атты кітапта жарияланған. Ленин. Қазан төңкерісі. “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.