Жақыпов Кеңес Бажкенұлы

ЖАҚЫПОВ Кеңес Бажкенұлы (1942. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Ленин а.) — ғалым, физ.-матем. ғыл. докт. (1990), проф. (1991). Томск мемл. ун-тін бітірген (1966). 1966-69 ж. КСРО ҒА Есептеу орталығында аспирант, ал 1970 жылдан әл-Фараби атынд. Қазақ ҰУ-нде ассистент, оқытушы, доцент. проф. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты — есептеу математикасына, газ және сұйықтық механикасына арналған. 65 ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы.

Шығ.: Численное моделирование аэродинамики и процессов горения в топочных и технологических устройствах. А.-А., 1988 (тең автор).