Жұмабаев Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы

ЖҰМАБАЕВ Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы (25.6.1893. Солт. Қазақстан обл., бұрынғы “Молодежный” кеңшарының аумағы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы — 19.3.1938. Алматы қ.) — Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Атасы — Жұмабай қажы. Әкесі – Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі — Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905—10 ж. Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегішевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегішевтен Шығыс хатықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін. Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 ж. шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға”‘ деген өлең жазды. 1910— 13 ж. Уфа қ-ндағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс тыңдап, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 ж. Қазан қ-ндағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913— 16 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейханов. А. Байтұрсынов, М.Дулатов секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола обл. қазақ к-ті құрамына сайланды. Мәскеу қ-нда өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола обл. к-тінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағатық етті. 1918—19 ж. Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919—23 ж. Ақмола губ-лық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға кең танылған “Батыр Баян” поэмасын жазып, жарыққа шығарады. 1923—27 ж. Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер ин-тында оқиды. Онда орыс әдебиетін. Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 ж. 24 қарашада Мәскеу қ-ндағы Шығыс еңбекшілері коммунистік ун-тінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Ж-тың 1922 ж. қазанда. 1923 ж. Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 ж 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 ж. 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Ж. қатаң сынға алынды. Ж. 1927—29 ж. Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 ж. Ж. “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қаматып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 ж. М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық атып. Қазақстанға қайтады. Петропавл қ-нда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғатім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 ж. наурызда Ж. Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 ж. қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеум. тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты. Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Ж. ел ішіндегі әлеум. мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), хатқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”). Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін”, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап, ақтық демі біткенге дейін Ж. ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі — отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп, кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (“Туған жерім — Сасықкөл”). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (“Жарыма”, “Есімде… тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, т.б.). Ж. шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жана мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды (“От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.). Ақын дыбыс-буының соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті (“Шолпы”). Ж. поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі — түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Ж. поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті. Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. “Шолпан” жинағындағы “Орал тауы” өлеңінде: “Қосылып батыр түрік балалары, Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал”, — деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жайт — Ж-тың түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді («Орал тауы», “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам…”, “Түркістан”, “Орал”). Сондай-ақ, Ж. “Пайғамбар” өлеңінде “Ғұн — түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан” атты өлеңінде “Түркістан — ер түріктің бесігі ғой” деп асқақ рухпен жырлады. Ж-тың түрікшілдік сезімі 1919—23 ж. Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай “Яш Түркістан” журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең күркем өлең деп бағалады. Ж. — философ ақын. Ақынның филос. көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-кайшылықты филос. ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ат табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді (“От”). Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады. табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Ж-тың тұжыруынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан (“Қиял құлы мен бір ақын”). Ақын “Қорқыт” поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып — өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажат — хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол. Ж. қазақ лирикасының сыршылдығын терендетті, адамның нәзік сезімдеріне тіт бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе. махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). Ж. — әлемдік поэзияда экол. тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол тех. прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Ж. қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психол. әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Ж. поэмаларына лирикалық терендік пен эпикатық кең құлаштылық бірдей тән. Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).

Ақын шығарм-ғының үлкен бір арнасы — хатыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922, 1923). “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбек-терін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгітерін жинауға ат салысты. Ж. “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психол. татдау, сана ағымы әдістерін енгізді. Ж. аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фст. И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов. А.А. Блок өлеңдерін, А.М. Горький, В.В.Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Ж. есімін ақтау ісі 1958 ж. қолға алынды. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Ж. шығармалары басылмай қала берді. 1960 ж. Түркістан әскери окр. әскери трибунатының алқасы шешімімен Ж. толығымен, біржола ақталды. Ж. есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы Ж. шығармаларымен жете таныса алмай келді. Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. 1969 ж. Ж-пен қызметтес, таныс болған адамдар Ж-ты ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын. Аүыры Ж. 1988 ж. ақталды. Бірақ Ж-тың шығармалары 1989 ж. ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М.Базарбаев. С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет. Ш.Сариев бастаған ғалымдар тобы Ж-тың 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды. Ж. шығарм-ғын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Ж. есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және Петропавл қ-ларында бір-бір көшеге Ж. есімі берілді. Петропавл қ-нда және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солт. Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауд. Мағжан Жұмабаев ауданы болып аталды (2000). Петропавл ү-нда граниттен ескерткіш, туүан ауылы Сарытомар мен Булаев қ-да қола бюст орнатылды. Шығ.: Қазақтың көңіл күйі, өлең. “Үзік” жинағында, Орал, 1912; Шолпан. өлендер. Қазан. 1912: Өлеңдері, Қызылорда. 1922: Өлеңдері. Ташкент, 1923: Шығармалары. А., 1989: Таңдамалы, А., 1992: Шығармалар, 3 т., А.. 1995.

Әдеб.: “Қазақстан”. Ұлттық эн-циклопедия. 3-том, Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы // Лениншіл жас. 1923, №5; Елеукенов Ш. Мағжан. Атматы, 1995: Нұрпейісов К. Алаш һям Алашорда. Алматы, 1995.

Б. Қожахметов