ЗЕНЧЕНКО Иван Емельянович (17.12.1901, Ақмола губерниясы, Көкшетау уезі. Шучье ст. — 27.6.1989, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Аққайың ауд. Ленин а.) — ауьш ш. өнеркәсіптерін ұйымдастырушы. 1914 жылдан 1920 жылға дейін Көкшетау уезінде егіншілікпен айналысқан. 1924—26 ж. стансалық шаруалар к-ті президиумының мүшесі, 1926 жылдан “Октябрдің 12-жылдығы” атынд. ұжымшардың төрағасы бола жүріп, серіктестік несие магазинінің меңгерушісі болған. 1931—57 ж. Павлодар және Солт. Қазақстан обл-ының әр түрлі ш-тарында директор болған. Ленин. “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медалдермен марапатталған.