Ысқақов Жақсылық Ғабдуллаұлы

ЫСҚАҚОВ Жақсылық Ғабдуллаұлы (23.3.1932, Со.тг. Қазақстан обл. Есіл ауд. Бұлақ а.) – партия және қоғам қайраткері. Қазақ мемл. ауыл ш. ин-тын (1954). Тимирязев ауыл ш. академиясын (1957), КОКП ОК-ндегі жоғары партия мектебін (1967) бітірген. Қазан (қазіргі Шал ақын) ауд-ның Ольгинка а-ндағы Ворошилов МТС-нда аға агроном (1957-58). Есіл ауд-ның Заградов а-ның бас агрономы болған. 1959-63 ж. Солт. Қазақстан обл. комсомол к-тінің 2-, кейін 1-хатшысы, 1963-65 ж. Тимирязев ауд. атқару к-тінің, 1967-70 ж. Бескөл ауд. атқару к-тінің төрағасы, 1970-75 ж. Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауд. партия к-тінің 1-хатшысы, 1975-85 ж. Солт. Қазақстан обл. атқару к-ті төрағасының 1- орынбасары, 1985-91 ж. Павлодар обл. ажару к-тінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1991 жылдан зейнежер. Ленин, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі”, “Халықтар достығы” ордендерімен марапатталған.

Қ.Мұқанов