ӘУБӘКІРОВ Мақсұтжан Қозыбайұлы (25.8.1938, СҚО қазіргі Ақжар ауд. Қарабұлақ а. — 1.11. 1996, Алматы қ.) — белтілі журналист, жазушы. Респ. бұқаратық ақпарат құратдарын ұйымдастырушы. Алматыдағы ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген (1960). Еңбек жолын 1960 ж. Алматы обл. “Жетісу” (бұрынғы “Коммунизм таңы”) газетінде бастаған. 1963 ж. Қазақстан Теледидар және радиохабар жөніндегі мемл. к-тінде қызмет істеді. Ә. 20 жылдан астам уақыт Қазақстан бұқаратық ақпарат құралдарының дамуына үлкен еңбек сіңірген. “Құрдастар” бағдарламасының бас редакторы және к-т төрағасының 1-орынбасары; 1972-79 ж. Қазақстан ОК КП-ның үгіт және насихат бөлімінде нұсқаушы, теледидар жөніндегі сектордың меңгерушісі, 1986-90 ж. КСРО Орт. теледидарының бас редакциялар бағдарламасының, 1994-96 ж. “КҚзақстан” баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Ә. кіно өнеріне де мол үлес қосқан. Ә. “Өнер” және “Қаржықаражат” баспатарын ұйымдастырып, басқарушылық қызмет атқарып, кітап шығару ісінде 10 жылдай жемісті еңбек еткен. Шығ: Бір үмітпен өмір сүр. А., 1998.