УӘЛИХАНОВ Шота Ыдырысұлы (26.4.1932, Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Сырымбет с.) – архнтектор. ҚР-ның еңбек сің. архитекторы (1978), Ш.Уәлиханов атынд. ҚР Мемл. сыйлығының лауреаты (1970), “Тарлан” сыйлығының лауреаты (2001). Шығыс елдері архитектурасы Халықар. академиясының акад. (2001), проф. (1999). Қазақстан Жазушылар Одағының (1985). ҚР Суретшіер одағының мүшесі (1997). Мәскеу архитектура ин-тын бітірген (1956). 1956-65 ж. Қазақ қала құрылысын жобалау ин-тында архитектор, КСРО Құрылыс және Архитектура академиясының Қазақ филиалында кіші ғыл. қызметкер, 1967-70 ж. Қазақ өнеркәсіп кқұрылысын жобалау ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, 1971-78 ж. Қазақ КСР Мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамы төрағасының орынбасары. 1973-75 ж. Қазақстан Архитекторлар одағының төрағасы. 1982 жылдан Қазақ азаматтық село құрылысын жобадау ин-тында бас архитектор болды. 1990-95 ж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-тында өнер және сәулет бөлімінің меңгерушісі, 1995 жылдан Мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамының орт. кеңесінің төрағасы, Халықар. Абылай хан қорының президенті. У. бірқатар ғимараттар жобасының және жиырмадан аса ескерткіштер мен монументтердің авторы (бірнеше авторлармен бірге). Олардың ішінде: “Динамо” стадионы (1958), “Универсам” дүкені (1979). “Казгипрозем” үйі (1983). Қазақстан КП ОК-нің ғимараты қазіргі (1976). Алматы қ-ндағы Ш.Уәлиханов (1969). Ә.Жангелдин (1975). Ғ.Мұратбаев (1984), Д.Қонаев (1978). т.б., Астанадағы Кенесары хан, Қостанайдағы А.Байтұрсынов, Көкшетаудағы Т.Бигелдинов ескерткіштері бар. ҚР Мемл. Елтаңбасының (1992), ҚР Тәуелсіздік монументінің (1996). Семейдегі атомдық сынақтардың құрбандарына орнатылған – “Өлімнен де күшті” монументінің авторы. У. “Шоқанның жастық шағы” (1962), “Ақнұр” (1982), “Тағдыр” (1984), “Жазықсыз төгілген қан” (2000) пьесатарын жазған. “Құрмет” орденімен марапатталған.
Қ.Мұқанов