Тілеулин Серік Жұмағалиұлы

ТІЛЕУЛИН Серік Жұмағалиұлы (6.1.1926. Петропавл қ.) – ғалым, биол. ғыл. д-ры. (1987). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақ мемл. мед. ин-тын бітірген (1950). 1950-57 ж. Алматы қ-нда дәріғер. 1957 – 66 ж. Қазақ КСР Денсаулық сақтау мин. Өлкелік патолоғия ғыл.-зерт. ин-тының кіші ғыл. қызметкері, ал 1966 жылдан Қазақ КСР ҒА Физиология ин-тының аға ғыл. қызметкері. нейрофизиология лаб-ының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғыл. еңбектері негізінен нейрофизиология саласына арналған. Т. организмнің температуралық ақпаратын ми арқылы жұзеге асыру теориясын жасаған. Шығ.: Спинномозговые механизмы температурной чувствительности кожи. А.-А., 1986.