ТІЛЕНШІ БИ Тоқбайұлы (1746, Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Бертіс қонысы- 1844, сонда) – би, белгілі шешен. Әкесі Тоқбай, атасы Бертіс қазақ – жоңғар соғыстарының батыры болған. Бертіс Қожығырұлы қазақ жауынгерлерін атпен, түйемен жабдықтап, барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етіп отырған байбектердің бірі. Т. б. Самарқан қ-ндағы медресені бітірген. Біраз уақыт медреседе балаларды оқытқан, кейіннен қазақ даласының батыс бөлігін Еділ қалмақтарынан босату үшін болған ұрыстарға қатысқан. Осы соғыста көрсеткен ерліктері үшін оны мыңбасы етіп сайлайды. Т. б. өзінің шешендігімен ерекшеленген және көптеген даулы мәселелерді шешу кезінде дұрыс әрі әділ шешім тауып отырғаны үшін халық арасында үлкен бедел иеленген. Т. б. сонымен қатар отарлаушы күштерге қарсы ұрыстарға да қатысып. Шақшақ би, Марал Ишандардың күрестеріне қолдау көрсеткен. Т. б-дін ұрпақтары Жамбьы аудның Петров а-нда, Петропавл және Астана қ-ларында тұрады. Т. б-дің шешендік сөздері сақталған. Ол туралы Н.Әбуталиев. Т.Сүлейменов. т.б. кітаптарында жазған.