Тікелей эфир Гүлсім Бағрамқызы Әубәкірмен шығармашылық кездесу

2022 жылдың 23 тамызы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде ақын, химия ғылымдарының кандидаты, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Гүлсім Бағрамқызы Әубәкірмен шығармашылық кездесу және «Іздерім» атты өлеңдер жинағымен таныстыру өтті.
Жүздесу барысында Гүлсім Әубәкір оқырман қауымға өзін толыққанды таныстырып, бүгінге дейінгі жетістіктерге жету жолындағы есте қаларлық естеліктерімен бөлісті, әлеуметтік парақшамыздағы оқырмандардың қызықтырған сұрақтарына толық жауабын беріп, шығармашылығы жайында ой қозғады. Кездесу соңында «Іздерім» жинағынан оқырман қауымның сұрауы бойынша өз өлеңдерін оқып, алдағы атқарылар жоспарларымен бөлісті.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги