Тихонов Григорий Матвеевич

ТИХОНОВ Григорий Матвеевич (10.4.1912, Солт. Қазақстан обл. Князев с. – 13.2.1944, Мозырь) – Кеңес Одағының батыры (1944). Оңт. Орал т.ж-нда паровоз жүргізушісі болып жұмыс істеген. 1934-38 ж. Қызыл Армия қатарында әскери борышын өтеген. 1942 ж. кіші лейтенанттар курсын бітірген. Орталық майдандағы кавалерия корпусының 16-гвардиялық дивизиясы кавалерия полкінің қылышпен қаруланған эскадронның командирі болып жүрген кезінде Гомель обл-ның Нивки селосы маңында болған ұрыста ерекше көзге түскен. Ленин, Александр Невский. Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.