Таңқаев Сонарбай Дүйсенбайұлы

ТАҢҚАЕВ Сонарбай Дүйсенбайұлы (26.1.1937. Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Егіндіағаш а.) — философия ғыл. докт. (1983), ҚазМУ-ды бітірген (1962). Осы оқу орнында ассистент, аға оқытушы, доцент (1965-73), Алматы Жоғары партия мектебінде доцент (1973-76), Қыздар пед. ин-тының тарих ф-тінің деканы. философия кафедрасының меңгерушісі (1976-88) қызметтерін атқарған. 1989 жьидан Т.Рысқұлов атынд. Қазақ экон. басқару академиясының фидософия және тарих кафедраларының меңгерушісі. 100-ден аса мақаланың, 10 монографияның авторы. Қазақ КСР Оқу ағарту ісінің үздігі (1983). Шығ.: Монографии “Пути роста” А.-А., 1967; “Отражение жизни”. А.-А., 1974; “Быт и нация” А.-А., 1974; Диалектика двух тенденций в быту социалистических наций” А.-А., 1985.

С. Жұмабаев