ТӨЛЕШОВ Амандық Қуатұлы (20.1.1958, СҚО қазіргі Шал ақын ауд. Еңбек а.) – көрнекті механик ғалым, техника ғыл. докт. (1999), проф.(2001). ҚР Ұлттық инж. академиясының акад. (2006), ҚР Жоғары мектеп ҒА-ның (2003) коор. мүшесі. Қазақ мемл. ун-тін (қазіргі Әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген (1984). Еңбек жолын қазіргі Есіл ауд. Ақтас мектебінде физика және математика пәндерінің мұғалімі болып бастаған. 1976-78 ж. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Т. 1984-2004 ж. Қазақ ұлттық ун-тінде инженер, аға ғыл. қызметкер, аға оқытушы, теориялық және қолданбалы механика кафедрасының доценті 1996-99 ж. проректордың ғылым жөніндегі орынбасары әрі ғыл.-зерт. бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды, сонымен қатар 1997 жылдан бері ун-ттің ғыл.-тех-нол. паркінің директоры болып жұмыс істейді. 2005 жьидан ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Президиумында бас ғыл. хатшы. Негізгі ғыл. еңбектері машиналар мен механизмдер теориялары. мех. жүйелерді ма-тем. жолмен моделдеу. машина қондырғылары мен аспаптары динамикасы және беріктігі. т.б. зерттеуге арналған. Т. 120-дан аса ғыл. еңбектін, оның ішінде 3 оқулықтың, 2 монографияның, 2 авторлық куәліктің, 6 патенттің авторы. ҚазҰУ-дың жаңашыл ғыл.-тех. жетістіктерінен Мәскеу, Астана. Алматы қ-ларында көрмелер ұйымдастырды. Болгария. Германия. Финляндия. Италия, Румыния, Оңт. Корея. Қытай, Ресей, Өзбекстан. Қырғызстан, т.б. шет елдерде өткен ғыл. конференциялар мен семинарларда ғыл. жетістіктері қолдау тауып, өндіріске енгізілді.
Ж. Төлешов