СЫЗДЫҚОВ Қажымұрат (18.12.1920, қазіргі Тайынша ауд. Қарағаш а.) – журналист, белгілі аудармашы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атынд. ҚазПИ-ды бітірген. 1941-56 ж. қазақ радиосында редактор. “Теміржолшы” газетінің әдеби қызметкері, 1956-68 ж. “Мектеп” баспасының аға редакторы. “Қазақ энциклопедиясы” редакциясының редакторы болған. Әдеби қызметінің басты бағыты – көркем аударма. С.В.Василевскийдің “В борьбе роковой” (1962), “Просто любовь” (1967), С.Смирновтың “Брест қамалы” (1967) повестерін. Дж. Нгугидің “Бидайлы көл” романын (1972), Р.Тагордың. И.Буниннің әңгімелерін, Марковтың “Сібір” романын (1977), Л.Н. Толстойдың “Отец Сергий” (1978), “На западном фронте без перемен” (1985), Э.М. Ремарктың “Оралу” (1985). Л.Фейхтвангердің “Испан балладасы” повестерін. А.Е. Макаенконың “Затюканный апостол” (1972), В.Шукшиннің “Энергичные люди” (1973) спектаклдерін, т.б. аударған. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медалдермен марапатталған.