Сырцов Александр Михайлович

СЫРЦОВ Александр Михайлович (26.3.1936. Солт. Қазақстан обл. Мамлют ауд. Казанка с.) — ген.-майор (1980). Қызыл Тулы Омбы жалпы әскерлік командалық уч-щесін (1958). Фрунзе атынд. Әскери академияны (1969), КСРО ҚК БШ академиясын (1978) бітірген. 1969-76 ж. Кеңес әскерлері Батыс және Орталық топтары дивизиясының командирі. 1978-80 ж. БелӘО танк армиясы қолбасшысының 1-орынбасары. 1980-82 ж. Кампучия Республикасы Қорғаныс министрінің әскери аға кеңесшісі, 1982-92 ж. КСРО Қорғаныс мин-нің Құрлық әс-керлерін әскери даярлау Бас басқармасының, бағдарламалық-қаулы басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1992 жылдан запаста. Ордендермен және медалдермен марапатталған.