СПИЧЕВ Владислав Петрович (20.6.1934, Солт. Қазақстан обл. қазіргі М.Жұмабаев ауд. Ганькин а.) — дәрігер. мед. қызмет көрсетудің ген.-майоры (1979). Бурят АКСР-інің еңбек сің. дәрігері. 1955 ж. Н.Щорс атындағы Омбы әскери-мед. уч-щесін бітірген соң әскери фельдшер болып қызмет атқарған. 1964 ж. Ленинградтағы Әскери-мед. академияны бітірген. 1968 жылға дейін Солт. Қазақстан әскери округінде әскери міндетін өтеген. 1970 ж. академияның білім жетілдіру ф- тін бітіріп. Байкал маңы әскери округіне жұмысқа жіберілген. 1982-87 ж. Мәскеу әскери округінің мед. қызмет көрсету саласын басқарған. Ауғанстанда қызмет бабымен іссапарға барып қайтқан, Чернобыть АЭС-нда болған жарылыс кезінде адамдарды құтқару жұмысына қатысқан. 1987-89 ж. Сирия Араб Республикасының Ішкі Істерінде кеңесші қызметін атқарған. 1990-92 ж. Әскери ин-ттың басшысы болған. 200-ден аса ғыл. еңбектің, оның ішінде бірнеше монография мен оқу құратының авторы. Қызыл Жұлдыз, “КСРО Қарулы Күштерінде Отанына қызметі үшін” ордендерімен және медалдермен марапатталған.
П.Науменко