СОРОКИН Альфред Иванович (7.5.1927, Петропавл қ. – 1984, сонда) – өнеркәсіптік өндіріс маманы. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 8 сыныптық білім алған соң, Куйбышев атынд. з-тқа токарьдың шәкірті болып жұмысқа орналасады. Аз уақыт ішінде токарь мамандығын игеріп, жоғары санаттылық дәрежесіне жетеді. 8-, 9-. 10- бес-жылдықтың жоспарын асыра орындап, үлкен көрсеткіштерге жеткен. Зауыт мүлкін қорғауға алып, тиімді пайдалану жөніндегі ұсынысын барлық станокшылар (400) қолдады. 3-тта алғашқылардың бірі болып бригадалық жұмыс түрін мақұлдаған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған. Қазақстан мемл. сыйлығын алған.
Н.Беленков