Шығрай Төбетұлы

 ШАҒРАЙ Төбетұлы, Шағрай шешен (1838, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Жамбыл ауд. Беркін а. – 1921) – ақын, әнші. шешен. Ш-дын атасы – Уақов Малқар батыр. әкесі Сүйір батыр – жоңғарлармен соғыстың қаһармандары (1729). Ш. 11 жасына әке-шешесінен айырылып, жетім қалады да, байларға жалданады. Жасөспірім баланың талантын байқаған алыс туысқаны болып келетін Байтөле ақын оны өзімен бірге айтыстарға ертіп барып жүреді. Халық оны Шағрай ақын. Шағрай әнші деп атай бастайды. 16-17 жасында ол сол заманның атақты ақындары Шашубаймен, Ғазизбен, Қожамбетпен, Байкемен, т.б-лармен айтысқа түседі. Ш. өзінің қызыл тілді өткір, айқын, шебер шешендік талантымен де танылған. Оның жалынды өлеңдері, әсем нақыл сөздері халық жадында қалған, оның көбі ҚР ҰҒА-ның Орталық кітапханасында жинақтатып, сақтаулы

К. Омаров