Шухов Иван Петрович

ШУХОВ Иван Петрович (6.8.1906. Жамбыл ауд. Преснов с. – 30.4.1977. Алматы қ.) – жазушы. Омбы жұмысшы ф-тін (1926) бітіріп, Мәскеу әдебиет ин-тында оқыған (1927). 1928-34 ж. “Рабочий путь” (Омбы), “Қызыл Башкирия” (Уфа). “Волга коммунасы” (Самара), “Кеңестік Сібір” (Новосибирск), “Ауыл шаруашылығы қызметкері” (Мәскеу) газеттерінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. 1934-37 ж. “Ударник” (Преснов ауд.) газетінде редактор. 1957-74 ж. “Әдеби Қазақстан” альманахының. “Простор” журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Мерзімдік басылымның (1926 жылдан бастап) алғашқы жарияланымдарында Ш. қоныс аударушылардың тағдырына көбірек көңіл болді. Үйсіз, жерсіз, жоқшылықтың тауқыметінен олар өздерінің екінші Отаны -Қазақстанды тапқанын, қазақ кедейлерімен бірігіп әділетсіздікпен күрескенін суреттеді (“Жек көру” романы, 1931). “Горькая линия” романында қазақ ауылдарының және орыс қазақтарының рев. сана-сезімдерінің өсуі айтылған. Ш. “батылдық пен еркіндікте жүрген, қазақтарды шынында қатал және мейірімсіз етіп бейнелейді, олар шындығында дәл сондай болатын” (М.Горький, Собр. соч., т. 30. 223 б., 1967). Ш-тың шығарм. тақырыптары – Ертіс бойындағы әлеум.-эко-ном. Өзгерістер, ұжымдастыру (“Отан” романы, 1936), 1-дүннежүз. соғыс. Қазан революциясы және Азамат соғысының қазақтар тағдырына эсері (“Әрекетті Армия”, 1-бөлім, 1940), Ш. тарихи оқиғалардың өтіп жатқан ортасында болып, терең талдап қорыта баяндаған.

Соғыстан кейінгі жылдары Ш. “Байлығы мол, табысты жер” (“Золотое дно, 1957) кітабын, “Американың күні мен түні” (1960), “Югославия күңделігі” (1963) жолжазбаларын, “Отан және жат ел” (“Родина и чужбина”, 1968) жинағын шығарған. “Қоңырау” повесі (1970) арқылы “Преснов беттері” (1977) автобиогр. кезеңіне жол ашылды, оған “Таза жердегі шөп” (“Трава в чистом поле”), “Жылт-жылт еткен сағым” (“Отмерцавшие марева”) повестері кірді. Ш. новеллалардың (“Қотыр-Тагтың соңғы әні”, “Нысана таңдауы”, “Қыз бұрымы туралы әңгіме”, т.б.), әңгімелердің (“Қара шеңбер. 1932), очерктер жинағының (“Қазақстанның жел өтінде”, 1931), пьесалардың (“Жиілете ату”, 1939), т.б. авторы. Ш. С.Мұқановтың, М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мүстафиннің, А.Әбішевтің, т.б-дың туындыларын орыс тіліне аударуда жемісті еңбек еткен. Ш-ның көптеген туындылары бұрынғы КСРО халықтары мен шет ел тілдеріне аударылған. Ш-тың “Преснов беттері” Қазақ КСР-нің Абай атынд. Мемл. сыйлығын иеленді. “Халықтар достығы”, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медалдермен марапатталған. Шығ.: Избр. Т. 1-4. А-А., 1962-63; Собр. соч. Т. 1-5. А.-А., 1981-83.

Әдеб.: История казахскоіі литературы. Т. 3-А.-А., 1971; Воспоминания об Иване Шухове. А.-А., 1979: Курова К. Иван Шухов. 2 изд. А.-А., 1981.