ШЕВЦОВ Леонтий Павлович (14.3.1946, Солт. Қазақстан обл. Тимирязев аул. Ақжан а.) – ген.-полковник. Ташкент жоғары жалпы әскерлік командалық уч-щесін (1968), М.В.Фрунзе атынд. Әскери академияны (1977), Бас штабтың әскери академиясын (1990) бітірген. Германияда Кеңес әскерлері тобының құрамында әскери қызмет атқарған. 1973 ж. ЗабӘО-нде: штаб бастығы. полк командирі. дивизия командирі болған. 1990-92 ж. 8-гвардиялық армияның штаб бастығы, 1992 ж. ЗГВ 1-гвардиялық танк армиясының, ал әскерлерді Ресейге шығарған соң Бас штабтың негізгі Шұғыл істер басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1994 жылдың желтоқсан айынан 1995 жылдың сәуіріне дейін Шешенстандағы Құрама топ әскерлері штабының бастығы болды. 1995 ж. РФ ҚМ Шұғыл жұмыс тобының бастығы. Босния мен Герцеговинада әскерлердің Ресей мемлекеті бойынша тұрақтандыру күштерінің Жоғары Бас қолбасшысының орынбасары. 1997 жылдың шілде айынан РФ Ішкі істер министрінің орынбасары – РФ ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы болды. Қазіргі уақытта Ресей —Белоруссия одағының шұғыл жұмыстарымен айналысады.
И.Зубарев