ШЕСТЕРИКОВ Владимир Георгиевич (10.5.1939, Солт. Қазақстан обл. қазіргі М.Жұмабаев аул. Чистовский а.) – ақын. Қазақстан Жазушылар олағының мүшесі. Петропавл пед. ин-тын бітірген (1962). 1962 жылдан обл. “Северный Казахстан” (“Ленинское знамя”) газетінде әдеби қызметкер, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары, қоғамдық-саяси бөлімнің редакторы қызметтерін атқарды. Солт. өңірде әдеби-көркемдік “Нива” журнатын шығаруға бастама көтергендердің бірі. Сол журналда поэзия және проза бөлімінің редакторы болған, қазіргі уақытта журналдың редакциялық алқасының мүшесі. Бірнеше поэзия және проза кітаптарының авторы: “Жер оттары” (“Костры земли”), “Даладағы арапар” (“Острова в степи”), “Есілдегі катер” (“Катер на Ишиме”), “Екінші көз” (“Второе зрение”), “Көгілдір қар” (“Лиловые снега”), т.б. Ш-тың өлеңдері қазақ және украин тілдеріне аударылған. Киев қ-нда жарық көрген Қазақстан поэзиясының антологиясына енген. Ол М.Жұмабаевтың 100 жылдығы қарсаңында “Дауылды түндегі балауыз шам” (“Свеча в ураганной ночи”) кітабын әзірлеп, баспадан шығарды және “Есіл жағалауының әдебиеті” (“Литературное Приишимье”) екі альманағын жариялады.