ШЕЛУДЯКОВ Лев Николаевич (4.6.1926, Петропавл қ. – 10.2.1988. Алматы к.) – ғалым, техн. ғыл. докт. Қазақ тау кенметаллургия ин-тын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. 1949-60 ж. Қазақ КСР ҒА Химия ғылымдары ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1960-70 ж. директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері физ. Химия, силикаттар технологиясы, түсті және сирек кездесетін металдарды өндіру мәселелеріне арналған. 14 өнертабыстың авторы. Шығ.: Состав, структура и вязкость гаммогенных селикатных и алюмоселикатных расплавов. А.-А., 1980: Комплексная переработка селикатных отходов. А.-А., 1985: Комплексная переработка шлаков цветной металлургии. А., 1990.
М.Мелехин