Бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, айтулы алыптар шоғырының қатарындағы төкпе ақын Шал ақынның (Тілеуке Құлекеұлы) 275 жылдық және халық ақыны Игібай Әлібаевтың 120 жылдық мерейтойларына орай « Шалқар шабытты ақындар» атты облыстық мүшәйра өтті. Мүшәйраға 5-11 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Жас өрендердің өнеріне ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің журналисі, қазылар алқасының төрағасы Аманжол Зағыпар; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің бас редакторы
Нұргүл Оқашева; СҚО әкімдігінің білім басқармасының бас маманы
Алмагүл Оспанова; облыстық халық шығармашылығы орталығы
директорының орынбасары, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері
Сандуғаш Жоломанова; ақын, N4 қалалық орта мектептің мұғалімі
Жархын Омаров баға берді
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #KultSKO