Шөже Қаржаубайұлы

ШӨЖЕ Қаржаубайұлы (1808. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Уәлиханов ауд. – 1895, сонда) – ақын, фолькторшы және композитор. Бала кезінен домбырада, кобызда ойнап, өлең шығарумен айналысқан. Кедейлік пен қараңғылықтың ауыр азабын тартқан. Сондықтан өзінің ақындық талантын өмір сүру үшін азық табуға қолдануға мәжбүр болған. Оның кейбір өлеңдері, соның ішінде “Дүйкейге”, “Домбыра үні естіледі”, “Битікті мақтау” белгілі жеке тұлғаларға арналып жазылған. Сонымен қатар Ш. қарапайым халықтың есебінен өмір сүретін жемқорларды аяусыз сынаған. Билік өкілдерінің бағынышты адамдарға көрсеткен зорлық-зомбылықтарын, әділетсіздікті батыл әшкерелеген. Ш. — ірі айтыс шебері. Оның “қараңғы болсам да, он жеті ақынға ешнәрседен жеңілген жоқпын” деген сөзі көп нәрсені аңғартады. Ш.Уәлиханов кезінде оны ауызша халық шығармаларын және халық шежірелерінің тамаша үлгілерін үздік білген деп бағалаған. А.Құнанбаев Ш-ның ақындық татантын қастерлеп, оны ой тазалығы, тура айтатындығы, батылдығы үшін құрметтеген.

Әдеб.: КазССР. Краткая энциклопедия. т. 4. А,-А., 1991 ж.

С.Пресняков, Х.Байлин