СЕРКЕБАЕВ Ермек Бекмұхамедұлы (17.4.1926, Петропавл қ.) – әнші. КСРО Халық әртісі (1950). Қазақ КСР Халық әртісі (1956). проф. (1983), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986). Петропавл қ-ның құрметті азаматы. 1941-43 ж. П.Чайковский атынд. Алматы муз. уч-щесінде скрипка класы бойынша оқыған. 1951 ж. Құрманғазы атынд. Алматы консерваториясын (вокат бойынша) бітірген. Студент кезінде Абай атынд. Опера және балет театрының шығарм. ұжымына қызмет істеген. Абай партиясын (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, “Абай”) орындаған. 1973 ж. Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған С. орындаған партиялардың ішінде Қожағұл, Амангелді (М.Төлебаев, “Біржан мен Сара”; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, “Амангелді”), Абай, Серке (“А. Жұбанов пен Л.Хамиди, “Абай”; С.Мұхамеджанов. “Айсұлу”), Тарғын. Артем (Е. Брусиловский, “Ер Тарғын”, “Дударай”), Онегин, Елецкий (П. Чайковсий, “Евгений Онегин”, “Пиковая дама”), Петруччио (В.Шебалин, “Укрошение строптивой”), Фигаро (Дж. Россини. “Севильский цирюльник”), Валентин (“Фауст”), т.б. бар. Әнші репертуарында қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармалары бар. Шет елдерде (Румыния, Пәкстан, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Куба, Швейцария, Швеция, Финляндия. т.б.) өнер көрсеткен. Киноғада түскен (“Біздің сүйікті дәрігер”, “Тақиялы періште”, т.б.). 7-шақырылған КСРО Жоғ. Кеңесінің, 8-11-шақырылған Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты. Вокатистер конкурсының (Будапешт. 1953) лауреаты. КСРО Мемл. сыйлығының (1977) және Қазақ КСР Мемл. сыйлығының (1972) иегері. “Музыка” номинациясы бойынша 2000 ж. “Тарлан” сыйлығын жеңіп алған. “Отан”, 2 мәрте Ленин. Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медалдермен марапатталған.
Әдеб.: Күзембаев С. Воспеть прекрасное. А-А., 1982.