САВВЛ Владимир Артемович (22.11.1923. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Тайынша ауд. Миронов а. – 17.9.1947, Мәскеу қ.) — капитан. Кеңес Одағының Батыры (1943). 1942 ж. Гомель әскери жаяу әскерлер уч-щесін бітірген. Қызыл Армия қатарына 1940 жылдан, Ұлы Отан соғысы майданларына 1942 жылдың мамыр айынан бастап алынған. 240-атқыштар дивизиясының батальон командирі болған. Соғыстан кейін де армияда қызметін жалғастырған. Ленин. 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медалдермен марапатталған.