САНСЫЗБАЕВ Нұрым Сансызбайұлы (26.3.1922, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Ақжар ауд. Жарқын а.) – қоғам қайраткері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі (1979). Қаржы ісінің үздігі (1957), КСРО Қаржы қызметінің кеңесшісі (1952). Омбы қазақ пед. уч-щесін (1941). ҚазМУ-ды (1956) бітірген. Республиканың Мемл. еңбек жинақ кассасы мен мемт. несие жүйесінде (1948-55), Қазақ КСР Қаржы мин-нде (1955-71), 1971-86 ж. бөлім меңгерушісі. Қазақ КСР Мемл. Жоспарлау коллегиясының мүшесі болып қызмет атқарған. 1986-93 ж. Респ. Жоспарлау мекемелері қызметкерлерінің білімін жетілдіру курсына жетекшілік еткен. Майдандас досы. Кеңес Одағының Батыры Төлен Қабылов туралы эссенің, мемл. және қоғам қайраткерлері жайында (С.Садуақасов. Ж.Шаяхметов. У.Жәнібеков. У.Атамбаев, Р.Байсейітов, И.Омаров. Б.Момышұлы. С.Нұрмағамбетов. т.б.) жазылған 150-ден аса мақала, очерктің авторы. “Отан”, 1-дәрежелі Отан соғысы. 3-дәрежелі “Даңқ” ордендерімен және медалдермен марапатталған.