Садуақасов Смағұл

САДУАҚАСОВ Смағұл (1900. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Уәлиханов ауд. Жарқын а. — 1933. Мәскеу қ.) – мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, публицист. Омбы орта ауыл ш. уч-щесін (1918), Мәскеу көлік инженерлері ин-тын (1932) бітірген. Еңбек жолын Солт. Қазақстан обл. Ақжар ауд. Сиқырлы а-ндағы мектепте мұғалім болып бастаған. 1918-19 ж. Батыс-Сібір кооператорлар одағында нұсқаушы. 1920 ж. “Кедей дауысы” (Омбы қ.) газетінің редакторы. 1920-21 ж. Орынбор қ-ндағы РКЖО Қазақ обл. к-тінің хатшысы, 1921-28 ж. Қазақ ОАК-нің хатшысы, ТурОАК-ндегі КАКСР уәкілі, Қазақ АКСР Мемл. жоспарлау комнссиясының төрағасы, өлкелік “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің жауапты хатшысы. 1925-27 ж. ҚАКСР халық ағарту комиссары, 1928 ж. Қазақ пед. ин-тының (қазіргі Абай атынд. Қазақ ҰПУ) ректоры, 1931 ж. Мәскеу – Донбасс темір жол құрылысын жүргізіп жатқан құрылыс учаскесінде меңгеруші болған. 20-жылдары С. мемлекеттілік пдеясы мен Қазақстан аумағының бүтіндігін жүйелі түрде қорғады, қазақ халқына жүргізіп отырған голощекиндік геноцидке, күштеп ұжымдастыруға, Қазақстанды Ортатыққа шикізат тасымалдаушыға айналдыруға ашық қарсы шықты. Сол себепті ізіне түсіп аңдуға, қуғынға ұшырады. ВКП(б) XIV съезінде С-тың нақты әрі тұжырымды сөйлеген сөзі бүкілодақтық талқыға түсті. “Жастардың жаңа жолы” (1921), “Ұлттық театр жайында”, “Қазақстандағы ағарту жұмысының мәселелері туралы” (1927) кітаптардың, т.б. көптеген ғыл. және публицистикалық жұмыстардың авторы.

М.Мұқанов