САҚЫПКЕРЕЕВ Асқар Жоламанұлы (2.11.1958. СҚО қазіргі Шал ақын ауд. Сергеев (Марьев) қ.) – мемлекеттік қызметші. обл. еңбек және әлеументтік қамсыздандыру департаментінің бастығы. Целиноград ауыл ш. ин-тын (қазіргі С. Сейфуллин атынд. Ақмола аграрлық ун-ті) бітірген (1981). 1982-85 ж. қазіргі М. Жұмабаев атынд. ауданда комсомол к-тінің 1-хатшысы. 1991-2002 ж. Петропавл қ-ндағы “Интер” ғыл.-өндірістік биржасы директорының орынбасары. 2002-04 ж. “КВS Gаrаnt” АҚ сақтандыру компаниясында бас агент қызметтерін атқарған. 2004 жылдан обл. сайлау комиссиясының төрағасы. Бірнеше мемл. грамоталармен марапатталған.