ПОЗОЛОТИН Тимофей Семенович (22.1.1910, Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Явленка а. — 1943. Полтава. Бабанское с., Мәскеуде жерленген) — Кеңес Одағының Батыры (1942). 1930 жылдан Кеңес Армиясы қатарында. Полк мектебін, кейіннен кіші лейтенанттар курсын бітірген. Сталинград түбіндегі шайқаста қаза тапқан. Ленин. Қызыл Ту, 1 -дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Яатенка а-нда батырға арналған ескерткіш-бюст қойылып, бір көшеге есімі берілген.