ПЕЧЕНОВ Евгений Петрович (1923) – қоғам қайраткері. Петропавл қ-ның құрметті азаматы. 1940 жылдан паровоз депосында от жағушы болған. 1942- 46 ж. 2-, 1-Украин, Степной, Донской майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. 1946-51 ж. Херсон қ-нда, 1951-54 ж. Омбы обл. Бородинск ст-нда паровоз жүргізушісінің көмекшісі болып істеген. 1954 жылдан Петропавл ст. Локомотив депосында поровоз жүргізушісі. П. бірнеше рет Қазақстан Жоғ. Кеңесі және халық депуттаттары қалалық Кеңесіне сайланған. Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендері және медалдермен марапатталған.