ОВЧИННИКОВ Георгий Дмитриевич (9.12.1903, Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Преснов ст. – 1970) – ғалым, геогр. ғыл. канд. А.Герцен атынд. Ленинград мемл. ун-тін бітірген (1937). Финляндиямен болған соғысқа қатысқан. 1944-70 ж. Петропавл пед. ин-тында ректор. география кафедрасының меңгерушісі болған. Ұзақ жылдар бойы обл. “Білім” қоғамын басқарған. Шығ.: О состоянии озер Сев.-Казахстанской обл. //уч. Зап. Петропавловского педин-та, 1960. Вып. 5,4,1: К вопросу о грунтовом питании малых озер. // Озера Сев. Казахстана. А.-А., 1960; Следы многолетней мерзлоты в Сев. —Каз. Обл. // Изв. ВГО, 1970: Т. 102. Вып. 4: О строении грив в Сев.-Казахстанской обл. ИзвВГО, 1970. Т. 102. Вып. 3.